Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

№ 52 газет

15 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Үй салам десең...

Үй салам десең...

Әуелден көпшілік арасында «үй салған дұрыс па, әлде сатып алу тиімді ме?» деген заңды сұрақ туындап жүргені рас. Кейде нарықтық заманда там көтергеннен, дайын үйді қонысына айналдырған дұрыс секілді көрінеді. «Там салсаң тамтығың қалмайды» деуші ме еді... Қазір құрылыс қарқынды жүретін уақыт. Жаз мезгілінде құрылысқа көңіл бөлген халықты базардың маңынан табасыз.

Осы күні құрылыс материалдарымен қатар, ұсталар еңбегінің бағасы әжептәуір өскен. Кейде құрылыс жасату үшін тәжірибелі ұстаның кезегіне жазылып қоясыз. Олардың сіздің үйіңізге келуі үшін 1-2 ай уақыты анық өтеді. Тамның іргетасын құю, өру, шатырын жабу, ішкі жөндеу жұмысын жасау үшін материалын есептемегенде, 5-6 миллион теңге қаражатты ұстаның қолына ұстатасыз. Жыл өткен сайын сәні мен дизайны келіскен үйлер бой көтеруде. Заманауи үлгідегі қоныс салудың өзіндік машақаты көп. Несиені несиемен жабуға дағдыланған жергілікті халық үй салу кезінде қарызданудан қорықпайды. Бірнеше жылын қарыз өтеуге арнайтын жұртшылық әлеуметтік жағдайына аса мән бере бермейді.

Нарық бүйірден қысқан уақытта базар бағасы барынша ойнап тұрады. Талғам тұрғысынан алғанда жанға керектінің барлығын сауда орындарынан табуға болады. Дегенмен, соңғы 4 жылда құрылыс заттарының бағасы сатылап өсіп отырған. Мамандар бағаның өсуіне импорттық тәуелділік, логистикалық қиындық, шикізат пен энергетика бағасының өсуі, инфляция және ішкі өндіріс жеткіліксіздігін қарастырады. Цемент, арматура мен бетон, кірпіш, сантехникалық құрал-жабдық, түсқағаз секілді көптеген құрылыс материалы қарапайым халық қалтасын жұқартатыны рас.

Елімізде құрылыс материалы қымбат өңірлер қатарына Қостанай, Қарағанды, Шымкент қалалары жатқызылады. Қызылорда қаласында да құрылыс заттары қымбаттауы байқалады. Аймақта өндірілетін өнімдер (цемент, блоктар, құм) бастапқы баға өсімінің бір бөлігін ғана қамтыған, импортқа тәуелді материалдар (арматура, шыны, металл), керісінше, қатты қымбаттаған. Отандық өнім үлесі 69 пайыз болғанымен, импортталған материалдарға сұраныс жоғары.

– Қазіргі уақытта заманауи үлгідегі зәулім үй салу сәннен қалмайды. 40-50 жыл бұрын тұрғызылған үйлерін бұзып, орнына жаңасын салып жатқан жұртшылық бағаның өсуіне қапалы. Күнделікті әрбір затты сатып аларда арзанына көңіл бөлеміз. Жалпы үй тұрғызып жүрген ұста біткен өлшемге қарай қанша қаражат жұмсалатынын есептеп береді. Шамамен 20-25 миллион теңге аралығында қаражатыңыз болса, 12х10 өлшемді үйге аз ғана уақыт ішінде кіріп алуға болады. Құрылыс сала отырып, базар бағасын сараптай келсек, өткен жылдармен салыстырғанда көп өзгеріс бар. Нарықтың жетегіне кеткен сауданың байыбына бара алмағанымызбен, қымбатшылықтың әсерін сезіне білеміз. Ал дайын үйді сататын жандар жаңа үйге бірнеше есе баға қояды. Бұның барлығы айналып келгенде қымбатшылықтың салдары деп білемін, – дейді кент тұрғыны Қонысбек Пернебаев.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
Фото: Ашық дереккөзден

22 шілде 2025 ж. 144 0