Жыл басынан бері 1,7 миллионнан астам азамат ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-ларда электронды талондарды пайдаланды

QR-код арқылы кезек алу функциясы жоғары пайдаланушылық белсенділікті көрсетіп, Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-ларға барған кезде таптырмас көмекшіге айналды. Жыл басынан бері «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы электронды форматта 1 764 007 талон берілді. Бұл ресепшн аймағындағы жүктемені азайтуға және қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, виртуалды талон қызмет алушыға тіркеу аймағына жүгінбей, жалпы кезектегі орынды бекітуге мүмкіндік беретін қағаз талонның аналогы болып табылады,
Сервисті қолдану үшін смартфонға "ЦОН" мобильді қосымшасын орнату керек (Google Play немесе App Store-да қолжетімді). Әрі қарай, қосымшаға кіріп, "ХҚКО кезегіне талон" батырмасына басып, ресепшн аймағында орналасқан QR-кодты сканерлеу қажет. Одан кейін қажетті қызмет түрі таңдалады. «Жалғастыру» түймесін басқаннан кейін жүйе автоматты түрде виртуалды талон береді. Қызмет алушы нөмірі ақпараттық таблода көрсетілген кезде тиісті маманға барып, қызметін алады.
Мемлекеттік корпорация азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын неғұрлым ыңғайлы және тиімді ету мақсатында цифрландырылған сервистер ұсыну және заманауи шешімдерді енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда.
«Азаматтарға арналған үкімет»
Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ