Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жауынгер жүлдесіне арналды

Жауынгер жүлдесіне арналды

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы құрметіне аудан орталығында футболдан 2014-2015 жылы туған жасөспірімдер арасында жарыс өтті. Ашық біріншілік Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыровтың жүлдесіне арналды.

Жас ұрпақты отансүйгіштікке, патр­иот­тыққа, ерлікке баулу мақ­сатында өткен біріншілікке 8 команда қатысты. Тартысты ойын көрсеткен командалар арасында сырдариялық №11 ОРМБЖМ аяқбопшылары же­ңіске жетіп, жүлделі бірінші орынмен марапатталды. Екінші орынды балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі даярлығы клубы алса, үшінші орынға Қармақшы ауданының спортшылары шықты.

Сонымен қатар жарыс дәстүрі бо­йынша үздіктер марапатталды. «Үздік ойыншы» номинациясымен Арсен Залтай, «Үздік қақпашы» номинациясымен Нұрзат Асхат, «Үз­дік шабуылшы» но­минациясымен Ұлықбек Қабылбек, «Үз­дік қорғаушы» номинациясымен Марлен Әбжан лайық деп танылды.

Ұлы Жеңісті насихаттауға, ардагерге құрмет көрсетуге арналған біріншіліктің жеңімпаз командалары мен үздік ойын көрсеткен жекелей ойыншыларға кубок, медаль және қаржылай сый-сияпат табысталды.


Б.ЖАНӘЛІ

10 мамыр 2025 ж. 302 0