Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Полиция қызметкерлері арасында үстел теннисінен турнир өтті

Полиция қызметкерлері арасында үстел теннисінен турнир өтті

Қызылорда қаласының сол жағалауындағы Үстел теннисі орталығында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Отан қорғаушылар күніне орай тәртіп сақшылары мен ардагерлер арасында үстел теннисінен турнир өтті.

Игі шараға облыстық полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов, Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Әмірбек Шаймағамбетов, Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлы және департамент қызметкерлері мен ардагерлер қатысты.

Өз кезегінде басқарма басшысы ер-азаматтарды мерекемен құттықтап, тәртіп сақшылары арасындағы тартысты бәсекенің ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Жарыс соңында үздіктер анықталып, жеңімпаздарға арнайы алғыс хаттар табысталды.


@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

08 мамыр 2025 ж. 220 0