Сынақ алаңында – кәсіби мамандар

Бұл ретте, жақында аудандық емхананың мәжіліс залында ауруханаға қарасты барлық бөлімшедегі орта буын медицина қызметкерлерінің кәсіптік-біліктілік даярлығының және іскерлік қасиеттерінің деңгейін айқындау мақсатында «Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру сатандарттары, жүрек-өкпе реанимациясы, ЖКС кезіндегі алғашқы көмек, анафилактикалық шок кезіндегі алғашқы көмек көрсету алгоритмдері» бойынша сынақ өткізілді.
Барлық қызметкерге сынақ жүргізілер алдында семинар сабағы өткізіліп, бекітілген сұрақ бойынша алғашқы көмек көрсету чек парағы берілген. Бекітілген сұрақ және билет бойынша сынақ жүзеге асты. Әрбір қызметкер өз білім деңгейі бойынша жауап берген болатын. Базалық өкпе-жүрек реанимациясы және босанғаннан кейінгі қан кету сұрағы бойынша симуляциялық маникенде көмек көрсету ережесі іске асты.