Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғашқы көмекке әркез дайын

Алғашқы көмекке әркез дайын

Сырқаттанған адамның дер кезінде жаны­­­нан табылатын «Жедел жәрдем» бөлім­­шесінің мамандары барлық мақтауға лайық. Қырық мыңға жуық халыққа қыз­мет ететін бөлімшенің фельдшерлері та­бан­дылық пен қырағылықты жанына се­рік еткен.

Бүгінде білікті дәрігер Әлия Іскендирова басшылық жасайтын «Жедел жәрдем» бөлімшесі облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының құрамында жасақталған. Аудан көлемінде 3 бригада бойынша жұмыс жасайтын бөлімше тарапынан науқастарға бірінші, екінші, үшінші санат бойынша алғашқы көмек көрсетіледі.

Негізінен, бөлімшеде 57 маман қызмет етеді. Оның ішінде, 2 дәрігер, 37 орта буын мамандары, 18 техникалық қызметкер бар. Өткен жылы сала мамандарына 11516 қоңырау келіп түскен. Жағдайы ауыр науқасты аман алып қалу үшін медицина мамандары жауапкершілікті айқын сезінген. Мәселен, денсаулығы өте ауыр жағдайдағы екі науқасқа шұғыл ем-шара жүргізіліп, өмірін сақтап қалған. Қай уақытта кәсіби біліктілігін жетілдіріп отыратын сала мамандарының әр күні қиындыққа толы. Жаз маусымында созылмалы дерті бар науқастар дәрігерге бірнеше рет жүгінеді.

– «Жедел жәрдем» бөлімшесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №225 «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиация­ны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, жұмысты үйлестіріледі. Біздің миссиямыз – сапалы, кәсіби және жедел медициналық көмек көрсету екені мәлім. Облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының құрамына қосылғаннан бері 5 ИВЛ, 3 отсос, 4 небулайзер, 4 дефибрилятор, 4 электрокардиограф, 5 доплер аппараты, 5 глюкометр, 8 пульсоксиметрмен қатар, тағы да басқа көптеген медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді. Айта кетейік, бөлімшедегі санитарлық 3 «УАЗ», 1 «JAG» көлігі жаңадан алынды.

Ауданда үш бригада жұмыс жасайтын болса, біреуі Ша­ған, Ақжарма, Н.Ілиясов, Шіркейлі, Іңкәрдария елді мекен­дерінің тұрғындарына жедел медициналық көмек көр­сетіледі.

Расында пандемия уақытында халықтың жан қина­лысын көзімізбен көрдік. Күн сайын өз бастарын қатерге тіккен әріптестерімді мақтан тұтамын. Оттегі аппараты мен зембілді көтерген сала мамандары науқастың диаг­­­­­­­но­зын дұрыс қойып, ұтымды шешімдер қабылдай білді. Әрбір маманның науқасқа тигізер пайдасы зор. Өз кезегінде әріптестерімді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын, – дейді бөлімше меңгерушісі, тәжірибелі дәрігер Әлия Аман­жол­қызы.

Айта кетейік, «Жедел жәрдем» бөлімшесінің қызмет­керлері 2 жыл сайын білімін жетілдіріп, арнайы сертификат алады. Жоғары және бірінші санатты медицина мамандары қоңырау шалған мезетте науқасқа жету көрсеткішін 100 пайызға орындаған.




Балтабай ОРДАБЕКОВ




18 маусым 2022 ж. 435 0