Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақмола облысында аса қауіпті қылмыскер түрмеден қашып кетті

Ақмола облысында аса қауіпті қылмыскер түрмеден қашып кетті

Ақмола облысында аса ауыр қылмысы үшін сотталған ер адам колониядан қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың хабарына қарағанда, ер адам 17 маусымда Степногорск қаласындағы мекемеден қашып кеткен.
"17 маусымда Степногорсктегі ЕЦ-165/18 мекемесінен аса ауыр қылмысы үшін сотталған Е.Ж.Қасенов қашып кетті. Ішкі істер органдары оны қайда екенін анықтап, ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралар кешенін жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Сәдубаев.


ҚылмыскерⒸtengrinews.kz

«Қамшы» сілтейді
17 маусым 2018 ж. 1 106 0