Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцинациялау қалай жүргізіледі?

Вакцинациялау қалай жүргізіледі?

Ауруды емдегеннен гөрі алдын алу оңайырақ. Әсіресе, бұл гепатит, полиомиелит, туберкулез, дифтерия, сіреспе және басқа да қауіпті инфекцияларға қатысты. Осы аурулардың алдын алу мақсатында бүкіл әлемде вакциналау жүргізіледі.
Вакциналар – белгілі бір инфекциялық аурудың қоздырғышы болып табылатын микроорганизмдерден немесе осы микробтардың тіршілік ету өнімдерінен дайындалған препараттар. Вакциналарды өндіру кезінде оларды қажетсіз және зиянды заттардан тазартып, тек аурудан қорғау үшін қажет нәрселерді ғана қалдырады. Яғни, олар ауру тудыра алмайды, бірақ иммунитет жасауға қабілетті.

Вакцинация - бұл вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды адам ағзасына енгізу процедурасы, одан кейін онда инфекция қоздырғыштарынан қорғайтын антиденелер жасалады. Вакцинация кезінде ағзаның сау болуы маңызды.


Вакцинациялау немесе профилактикалық препараттарды енгізу инфекциялық ауруға қарсы жүргізіледі. Қарсы егу жүргізілетін инфекциялардың мерзімі мен атауы Ұлттық егу күнтізбесінде көзделген.

Қазақстандағы балаларға міндетті профилактикалық егулер тегін қойылады, яғни туберкулезге қарсы (БЦЖ); гепатитке қарсы; полиомиелит, көкжөтел, дифтерия және сіреспе (АКДС); b типті гемофильді инфекция; пневмококк инфекциясы, қызылша, қызамық және паротит (шошқалар) және басқа да инфекциялар.

Профилактикалық егуді жүргізу мерзімдері ғылыми деректермен негізделген және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған.

Бірінші – перзентханада, өмірінің 1-4 күндері – туберкулезден (БЦЖ) және В гепатитінен егулер жасайды.

2 айда балалар гепатитке, полиомиелитке, көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге (АКДС) және В типті гемофильді инфекцияға қарсы кешенді егуді, сондай-ақ пневмококк инфекциясына қарсы вакцинаны алады.

3 айда көкжөтел, дифтерия және сіреспе (АКДС), полиомиелит және В типті гемофильді инфекциядан қайталап егулер жасалады.
Бір жасқа дейінгі соңғы екпелер – 4 айда – гепатиттен, полиомиелиттен, b типті гемофильді инфекция және көкжөтел, дифтериядан және сіреспеден вакцинациялаудың 3-кезеңі, сондай-ақ пневмококктық инфекциядан 2-ші егу.

12-15 ай жасында қызылшаға, қызамыққа және паротитке (шошқаборыққа) екпе жасау, полиомиелиттен және пневмококкты инфекциядан вакциналауды қайталау керек;

1,5 жаста – АКДС, полиомиелит және b типті гемофильді инфекция ревакцинациясы. Тағы бірнеше екпе мектеп жасындағы балаларды күтуде:

6 жаста - қызылшаға, қызамыққа және паротитке және көкжөтел, дифтерия және сіреспе (АКДС)

16 жаста – сіреспе мен дифтериядан (АДС-м) егу, оны одан әрі әр 10 жыл сайын қайталауға болады.

Профилактикалық егуді жүргізуге ерікті түрде хабардар етілген келісім немесе бас тарту жазбаша түрде ресімделеді.

Ата-аналардың профилактикалық егуден бас тартуы балаларды ұйымдасқан ұжымдарға қабылдаудан бас тартуға себеп болып табылмайды.
Ұйымдастырылған ұжымда жұқпалы аурулар тіркелген жағдайда, егілмеген балаларда ауру қаупі өте жоғары. Осыған байланысты, егілмеген балалар аурушаңдық тоқтатылғанға дейін балалар мекемелеріне барудан шеттетілуі тиіс, себебі олар инфекциядан қорғалмаған.

Жоспарлы егулер болмаған жағдайда бірқатар елдерге кіруге тыйым салынуы мүмкін. АҚШ, Англия оқу орындарында оқу үшін барлық алдын алу екпелерінің міндетті түрде болуы талап етіледі. Сауд Арабиясына бару үшін қажыларға менингококк инфекциясына қарсы вакцинация қажет, Бразилияға, Боливияға, Колумбияға, Кенияға және Африка құрлығының басқа да елдеріне кіру үшін сары безгекке қарсы вакцинация қажет. Әр елдің өзінің бекітілген профилактикалық егу күнтізбесі бар. Елдің өмір сүру деңгейі қаншалықты жоғары болса, қарсы егу жүргізілетін жұқпалы аурулардың тізбесі соншалықты кең.

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото: Н.Нұржаубай

20 наурыз 2025 ж. 148 0