Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцинация- жұқпалы аурулардың алдын-алудың ең тиімді жолы

Вакцинация- жұқпалы аурулардың алдын-алудың ең тиімді жолы

Қызылша, көкжөтел,гепатит, полиомиелит, туберкулез, дифтерия, сіреспе және басқа да ауыр инфекциялардың алдын алу мақсатында бүкіл әлемде вакцинация жүргізіледі.

Қазақстан Республикасында балаларға жоспарлы профилактикалық егулер Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Барлық екпелер бюджет қаражаты есебінен тегін жасалады.

Егу күнтізбесіне сәйкес балаларға қандай да бір егулерді жүргізу үшін белгілі бір мерзімдер көзделген, вакцинация уақыты туралы түпкілікті шешімді учаскелік дәрігер-педиатр қабылдайды.

Бірінші болып – перзентханада, өмірінің 1-4 күндері туберкулезден (БЦЖ) және В гепатитінен егулер жасайды.

2 айда балалар гепатитке, полиомиелитке, көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге (АКДС) және В типті гемофильді инфекцияға қарсы кешенді егуді, сондай-ақ пневмококк инфекциясына қарсы вакцинаны алады.

3 айда көкжөтел, дифтерия және сіреспе (АКДС), полиомиелит және В типті гемофильді инфекциядан қайталап егулер жасайды.

Соңғы егулер бір жасқа дейін-4 айда – гепатиттен, полиомиелиттен, В типті гемофильді инфекциядан және көкжөтелден, дифтериядан және сіреспеден вакцинациялаудың 3 кезеңі, сондай-ақ пневмококк инфекциясынан 2-ші егу.

12-15 ай жасында қызылшаға, қызамыққа және паротитке (шошқаға) егілу керек, полиомиелитке және пневмококкты инфекцияға қарсы вакцинациялауды қайталау керек;

1,5 жаста-АКДС, полиомиелит және В типті гемофильді инфекция ревакцинациясы;

6 жаста -қызылшадан, қызамықтан және паротиттен және АКДС егіледі;

16 жаста - сіреспе мен дифтериядан (АДС-м) егу, оны одан әрі әр 10 жыл сайын қайталауға болады.


Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото: sn.kz
21 сәуір 2024 ж. 98 0