Ерекше балаларға толыққанды білім алуға мүмкіндік жасалады

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 188 медицина нысаны салынады. Риддерде көпбейінді аурухананы, Өскеменде гематология орталығын, Ақтауда жедел жәрдем стансасын, Алматыда Жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығын, Астанада Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа ғимаратын пайдалануға беру қажет. 2026 жылы 32 аудандық орталық аурухананы жаңғырту, сондай-ақ Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы ауруханаларды салып бітіру керек. Жұмысты аяқтау мерзімін бұзуға болмайды», деді Президент.
Сонымен қатар Президент баспана мәселесіне де тоқталып, өткен жылы әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін 21 мың пәтер сатып алынғанын атап өтті.
Сонымен қатар, соңғы екі жылда Семей, Тараз, Кентау және Орал қалаларында ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған оңалту орталықтары ашылған.
«2026 жылдың аяғына дейін Ақтөбеде, Атырауда, Көкшетауда, Шымкентте және Талдықорғанда дәл осындай орталықтар ашу қажет», деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бөлек, әрбір облыс орталығында аутизмге шалдыққан балаларға арналған оңалту және дамыту орталықтарын құру маңызды екені айтылды.
«Өкінішке қарай, дүние жүзінде осындай диагнозы бар балалардың саны жылдам өсіп барады. Мұндай жағдай Қазақстанда да бар. Демеушілердің және «Қазақстан халқына» қорының көмегімен осы маңызды жұмыста белгілі бір ілгерілеу бар. Үкімет пен әкімдер бұл шаруаны жандандыруы қажет. Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар әрбір баланың толыққанды білім алуға мүмкіндігі болуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе. Сондықтан жыл соңына дейін осындай балаларға жан-жақты қолдау көрсету ісін реттейтін жаңа заң әзірлеу керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Фото: Ашық дереккөзден