Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мекемелік марапаттарды ретке келтіру маңызды

Мекемелік марапаттарды ретке келтіру маңызды

Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ведомстволық (мекемелік) марапаттарды ретке келтіру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Президенттің айтуынша, соңғы жылдары мемлекеттік наградалар мәселесін қайта қаралып, бір жүйеге түсірілген. Енді ведомстволық (мекемелік) марапаттарды ретке келтіру қажет.

«Мемлекеттік органдар бұл жұмысты назардан тыс қалдырды. Нақты ереже жоқ, бәріне ортақ мәліметтер қоры да жоқ. Соның кесірінен кейбір марапаттар орынсыз таратылып жатыр. Тіпті, бір мемлекеттік органның төсбелгісін бір адам бірнеше рет алған жайттар да кездеседі», деп атап өтті Мемлекет басшысы. 

Қ.Тоқаев ведомстволық награда – нағыз білікті мамандарға ғана берілетін, сол арқылы кәсіби мәртебені көтеретін маңызды награда екенін атап өтті.

«Бұған бей-жай қарауға болмайды. Сондықтан мекемелік марапаттардың бірыңғай стандартын және тізімін жасау қажет. Әрине, әр мекеменің өз ерекшелігін ескерген жөн. Бірақ бәріне ортақ ұстаным болуы керек. Құзырлы органдарға осы шаруаны қолға алуды тапсырамын», деді ел Президенті.     

Фото: Ақорда

14 наурыз 2025 ж. 43 0