Сырдария өзеніндегі су деңгейі мен қауіпсіздік шаралары бақылауда

- Республика аумағында өзен суын реттеу үшін 6 су торабы жұмыс істейді, олардың барлығы жан-жақты зерттеуден өткен. Қызылорда облысында жалпы көлемі 34,7 млн м³ болатын 6 су қоймасы бар, оның 5-еуі көп факторлы тексеруден өткен. Бүгінде бұл қоймаларда 17,2 млн м³ су жиналған. Бұдан бөлек, аймақта 22 магистралды канал, 1 қорғаныс дамбасы, 2 су өткізу құрылғысы, 1 САТ бөгеті және 1 тоған орналасқан. Қазіргі уақытта Сырдария өзенінде мұз Жосалы кентінен 136 шақырым төмен, Байқоңыр қаласы маңында Қызылорда су торабынан 428 шақырым қашықтықта байқалады. Жалпы жағдай тұрақты. Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішінің жұмысы қатаң бақылауда ұсталып, жергілікті билік пен су шаруашылығы ұйымдары Сырдария өзеніндегі су деңгейін күн сайын қадағалап отыр,-деді, Сейітқасым Әбуұлы.
- Қазіргі таңда Сырдария өзені арқылы келіп жатқан су көлеміне байланысты Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішіне су жинау жұмыстары жүргізілуде. Қызылорда облысына секундына 300 текше метр су келіп жатыр. Өзеннің оңтүстік және орталық бөліктерінде мұз толық еріген, ал Арал мен Қазалы аудандарында мұз әлі де сақталып тұр. Қармақшы ауданында мұздың 90%-ы еріді. Ақпан айының басынан бастап ауа райының жылынуына байланысты Сырдария өзенінде сең жүруде. Осыған орай, су тасқынының алдын алу мақсатында Тасбөгет кентіндегі Қызылорда және Қазалы су тораптарында мұз кептелісін болдырмау шаралары қолға алынды. Арнайы техникамен ірі қалқымалы мұздарды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта Сырдария өзеніндегі жағдай тұрақты, су шаруашылығы нысандары күнделікті бақылауда,-деді, Айдос Әлібекұлы.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото:Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото:Өңірлік коммуникациялар қызметі