Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Діни экстремизмнің алдын алу тақырыбында пробация есебіндегі жастармен кездесу өтті

Діни экстремизмнің алдын алу тақырыбында пробация есебіндегі жастармен кездесу өтті

Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша, «Дәстүрдің қазақ қоғамындағы маңыздылығы», «Әлеуметтік желідегі діни радикалдық ақпараттардан сақтану» тақырыпатында кездесу өткізілді.

Кездесуге Сырдария аудандық пробация қызметінің инспекторы, әділет майоры Сақыбеков Асылжан Сақыбекұлы мен орталық кеңесшісі Мұхамед Сейілханов пен қоғамдық даму бөлімінің әдіскері Бақыт Бермегамбетова қатысты.

Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы әлеуметтік желідегі радикалдық ағымдардың теріс бағыттағы ақпараттарынан сақтандыру және атадан балаға мирас болған салт-дәстүрдің мәнімен мағынасын, дәстүрдің келешек ұрпаққа беретін тәрбиесі жеткізілді.


Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы

06 наурыз 2025 ж. 179 0