Түнгі клубта саудасы қызған "шаттандырғыш шарларға" тыйым салынды

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2дана 10 литрлік газ боландары анықталды,полиэтилен пакетіне салынған шариктер,1 дана «кальян»аппараты анықталып заттай дәлелдеме ретінде алынды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 310-бабының 1-бөлігі бойынша (Дәрiлiк немесе басқа да құралдарды пайдаланып есеңгiрету үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау) сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері басталды.
Жалпы шара “Заң мен тәртіп” жобасы аясында ұйымдастырылды.
Мақсат - қоғамдағы тәртіп пен тыныштықты қадағалау.
Демалыс күндері мен алтыншы күндері қала күшейтілген режимде жұмыс жасайды. Әрбір ойын сауық орталықтарына тексеру жұмыстарын жүргізеді.