Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Арал ауданында газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Арал ауданында газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Ауданда соңғы үш жылда 228,3 шақырым газ құбыры тартылып, бүгінде тұрғындардың 71,2%-ы табиғи газға қол жеткізді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Аманжол Оңғарбаев айтты.

– Арал қаласындағы №4, №5, №6 мөлтек аудандары және Сексеуіл кенті мен Шижаға елді мекенінің тұрғындары көгілдір отынға қосылды. Сыр беткейдегі тұрғындар үшін маңызды жаңалық – Қамыстыбас елді мекеніне газ жеткізетін автоматты газ тарату стансасының құрылысы басталды. Бұл жоба 18 елді мекеннің 15-мыңға жуық тұрғынын кезең-кезеңімен газбен қамтуға мүмкіндік береді,-деді, Аманжол Сақыпұлы.

Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

21 ақпан 2025 ж. 263 0