Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданындағы ауыл мектептерінің құрылысы жанданды

Арал ауданындағы ауыл мектептерінің құрылысы жанданды

Арал ауданына қарасты Тоқабай елді мекенінің оқушылары үшін мектептің жаңа ғимаратының бір бөлігі ашық. Құрылысы жылдарға жалғасып, әлі күнге созылып келе жатқаны білім ордасының А блогындағы ішкі жұмыстар аяқталып қалды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникциялар қызметінің баспасөз алаңында Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев мәлімдеді.

Демеуші есебінен салынып жатқан мектеп ғимаратының құрылыс жұмыстарын бүгінде «Промстройсервис» ЖШС мердігер мекемесі өз жауапкершілігіне алған.

Мектептің есік-терезелері толықтай салынып, ішкі жылу жүйелері жүргізілген. Электр желісі бойынша да жұмыстар жақын күндері бітуге таяу. 
Аудан басшысы ғимараттың құрылыс сапасына айрықша көңіл бөліп, жұмыс барысы бақылауда екенін айтты. Балалар үшін қауіпсіздік шаралары барынша сақталған. Мектеп ғимаратының құрылыс жұмыстарын мейілінше тоқтатпай, жаңа оқу жылына дейін алғашқы бөлігін балалар игілігіне беруге ниетті. 

Бұдан бөлек жыл соңына дейін Арал қаласынан 115 орындық, Ақбай ауылынан 100 орындық және Қаратерең ауылынан 75 орындық балабақшаны балалар игілігіне табыстау көзделуде. 

«Ел Президентінің 2025 жылға дейін 3 ауысымдық және апаттық жағдайдағы мектептерді жою жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Арал ауданында 2023-2025 жылдар аралығында 10 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Ең алдымен, жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өткізілген Сапақ, Жалаңаш, елді мекендеріндегі 2 мектептің мәселесін шешу жұмыстары жүріп жатыр. Аталған ауылдардағы мектептерінің жоба-сметалық құжаттары демеушілілер есебінен әзірленді. Ал Ақшатау елді мекеніндегі мектептің құрылысы жеке кәсіпкер есебінен шешімін тауып, құрылыс жұмыстары аяқталды», - деді аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы.
23 тамыз 2024 ж. 104 0