Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұртшадан құтылудың оңай жолы

Мұртшадан құтылудың оңай жолы


Қыздар әлеуметтік желілердегі «сымбат салоны» сынды топтарда мұртшадан құтылудың жолдарын сұрап жатады. Әдетте олар «балауызды пайдалану керек» деген жауап алады. Алайда балауыз теріні ауыртып, тітіркендіріп жібереді. 

Оның орнына ауыртпайтын, мұртшадан құтылуға көмектесетін әдісті пайдаланыңыз. 

Ол үшін сізге: 

- 1 ас қасық сұлы пастасы (оны дайындау үшін ½ шай қасық сұлы, 6-8 тамшы лимон шырыны мен 1 ас қасық балды араластырыңыз); 
- 2 ас қасық бал; 
- 2 ас қасық лимон шырыны керек. 

Мұның бәрін араластырып, теріге уқалап, жағыңыз. 15 минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз. 

Бұл масканы аптасына 2-3 рет жасап тұрыңыз. Бір айдан кейін бет терісіндегі түктердің жоқ болғанын байқайсыз. 

Осы әдісті пайдаланып көрдіңіз бе? Мұртшадан құтылудың тағы қандай әдісін білесіз? Форумда бірге талқылайық!
12 маусым 2018 ж. 1 035 0