«Медициналық қалдықтар» тақырыбында брифинг өтті

Медициналық қалдықтар негізінен барлығымызға белгілі емдеудің алдын алу ұйымында, медициналық қызмет көрсету мекемесінде және медициналық көмек көрсету кезінде түзілетін қалдықтар. Брифинг спикері осы медициналық қалдықтар жайлы барлық, толық мағлұматты түсіндіре отырып, қалдықтардың адам өміріне қауіптілігін кезең кезеңімен айтып өтті. Қысқаша тоқтала кетсек. Медициналық қалдықтар қауіптілік деңгейі бойынша 5 қауіптілік класына бөлінеді:
"А" кластағы медициналық қалдықтар - коммуналдық-тұрмыстық қалдықтардан құрамы бойынша ерекшеленбейтін, қауіпті қасиеттері жоқ қалдықтар;
"Б" класындағы медициналық қалдықтар – эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар (инфекцияланған және әлеуетті инфекцияланған қалдықтар);
"В" класындағы медициналық қалдықтар – төтенше эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар (аса қауіпті және карантиндік инфекциялық аурулармен ауыратын науқастармен жанасқан, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатына төтенше жағдайлардың пайда болуына алып келуі мүмкін және аумақты санитариялық қорғау бойынша іс-шараларды жүргізуді талап ететін материалдар);
"Г" класындағы медициналық қалдықтар – токсикологиялық қауіпті медициналық қалдықтар (пайдалануға жатпайтын дәрілік, оның ішінде цитостатиктер, диагностикалық, дезинфекциялаушы заттар. Құрамында сынап бар заттар, аспаптар мен жабдықтар.Фармацевтикалық өндіріс шикізаттары мен өнімдерінің қалдықтары. Жабдықтарды, көлікті, жарықтандыру жүйелерін пайдаланудан түскен қалдықтар);
"Д" класындағы медициналық қалдықтар – радиоактивті медициналық қалдықтар (Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген радиоактивті заттар үшін регламенттелген мәндерден асатын саны мен концентрациясы бар радиоактивті заттар).
Әрине, барлық қалдықтар адам денсаулығына қауіп төндіреді, бірақ эпидемиологиялық тұрғыдан өте қауіпті медициналық қалдықтар өзіне аса назар аударуды талап етеді.
Медициналық қалдықтар ондағы микроорганизмдердің салдарынан қауіп төндіреді, парентеральды инфекциялар - АИТВ, ЖИТС, В және С гепатиттерімен жұқтыруы мүмкін. Сонымен қатар, зиянды топырақ, су және ауа ластануы арқылы табиғатқа зиянын тигізуі мүмкін, өйткені медициналық қалдықтар Денсаулық сақтау ұйымдарынан тыс жерлерге шығу қаупі бар, бұл радиациялық улануға, өткір заттармен жарақаттануға әкелуі мүмкін. Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін қауіптілік класына сәйкес медициналық қалдықтармен жұмыс істеу ережелерін назарға алу қажет екендігін жеткізді.