Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бірге қоғамдық қабылдау өткізді

Аудан әкімі құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бірге қоғамдық қабылдау өткізді

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев «AMANAT» партиясының аудандық филиалында аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары – аудан прокуроры Абай Әлімбаев және аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Әділхан Қанзадаевпен бірге қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдау барысында аудан басшысы тұрғындардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдап, сауалдарына жауап берді. Қабылдауға келген азаматтар жұмыс, тұрғын үй, инфрақұрылым және өзге де өзекті мәселелер бойынша жүгінді.

Аудан әкімі өтініш берушілердің барлық ұсыныстарын мұқият тыңдап, мәселелер назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Тиісті сала басшыларына қолданыстағы заңнама шеңберінде мәселелерді шешуге көмектесуді тапсырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

16 ақпан 2025 ж. 88 0