Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария ауданында 248 адам қатерлі ісіктің сан түрлі санаты бойынша есепте тұрады

Сырдария ауданында 248 адам қатерлі ісіктің сан түрлі санаты бойынша есепте тұрады

Елімізде 4 ақпан – Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні аталып өтілді. Статистикалық мәліметке сүйенсек, жыл сайын шамамен 40 мың адамға қатерлі ісік диагнозы қойылады. Ал 12 мың адам көз жұмады екен. Сырдария аудандық ауруханасында Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспардың орындалуын жүзеге асыру мақсатында біршама жұмыс атқарылуда.

Білікті онколог-дәрігер Майра Халыбаева кешенді іс-шараларға иек артып, қатерлі ісікті ерте сатысында анықтап, дер кезінде ем-шара жүргізуге ықпал етуде. Аудан бойынша 10 ерлер қарау бөлмесі, 14 әйелдер қарау бөлмесі бар. 2024 жылдың 12 айында емханаға алғаш келгендер саны – 827, қарау бөлмесінен өткен жандар – 7749, ісік алды аурулары – 462 болды. Сонымен қатар 998 тағы да басқа ауруларына сауықтыру жүргізіліп, 13 қатерлі ісік анықталды. Өткен жылы ерлерді қарау бөлмесіне келген адам арасынан қатерлі ісік дертіне шалдыққан 3 адам белгілі. Айта кетейік, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Сырдария ауданында 248 адам қатерлі ісіктің сан түрлі санаты бойынша есепте тұрады. Алғаш анықталған науқастар ішінде алғашқы орында қалқанша безі қатерлі ісігі, екінші орында жатыр мойны қатерлі ісігі, үшінші орында өңеш, сүт безі қатерлі ісігі саналады. Өз кезегінде қатерлі ісіктің асқынған түрімен 5 науқас тіркелді.

Алдағы уақытта жоспар бойынша ай сайын онкологиялық көмек көрсету бойынша мониторинг жасау, қатерлі ісіктің кеш сатысында анықталған жағдайларына, өлім-жітім жағдайларына талдау жасау, 5 жылдық өмір сүру көрсеткішін жоғарылату мақсатында жоспарлы жұмыстарды күшейту жүргізіледі. Алдын-алу және әлеуметтік психологиялық көмек көрсету бөлімшесі жұмысының сапасын күшейтуге көңіл бөлінеді. Қатерлі ісік және ісік алды ауруларын ерте сатыда анықтау мақсатында ерлер және әйелдер қарау кабинеттерінің жұмысын күшейту, өз деңгейінде жұмыс жасауын қадағалау да бар. Анықталған ісік алды ауруларына уақытылы сауықтырылу жұмыстарын уақытылы жүргізу – күн тәртібінен түспейді. 60 жас және одан жоғары жастағы адамдарды профилактикалық тексеруден өткізуді күшейту, жол картасы аясында елді мекендерге тәжірибелік көмек көрсету, қарау бөлмесінің, жалпы тәжірибелік бөлім қызметкерлерінің білімін жетілдіріп отыруға баса назар аударылады.

Өз кезегінде уақытылы сүт безі, жатыр мойны, тоқ ішек қатерлі ісігін ерте сатыда анықтау және асқану салдарын болдырмау мақсатында скирингтік тексеруден өтуге шақырамыз.
06 ақпан 2025 ж. 78 0