Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 2025 жылы МӘМС үшін қанша төлеу керек

2025 жылы МӘМС үшін қанша төлеу керек

Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалды – 85 мың теңге. МӘМС төлемдерінің көбісі өзгерген жоқ. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылордаоблысы бойынша филиалының директоры Жақсылық Әбдусаметов мәлімдеді.

2025 жылы тек біржолғы төлем мөлшері өзгерді – 21,5%-дан 23,8%-ға дейін, сондай-ақ жеңілдетілген категориядағы азаматтар үшін мемлекет тарапынан жарналар мөлшері өзгерді – орташа айлық жалақының 1,9%-ынан 2%-ына дейін, бұл көрсеткіш өткен екі жылдағы ағымдағы қаржы жылының орташа айлық жалақысынан есептеледі. Бұл мәліметті мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган анықтайды.

МӘМС төлемдерінің мөлшері келесідей:

Жұмыс берушілердің жарналары – қызметкердің табысынан 3%. Табыс 10 ең төменгі жалақынан (2024 жылы 850 мың теңге) аспауға тиіс, яғни жұмыс берушінің аударымдарының ең жоғары төленетін сомасы айына 25 500 теңгені құрайды. Бұл қаражат қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, оларды жұмыс беруші кәсіпорын есебінен төлейді.

Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтыұ шарт бойынша жұмыс істейтіндер – табысының 2%. 10 ЕТЖ артық емес немесе 17 мың теңге.

Біржолғы төлем төлеушілер – жалақы қорынан 23,8%

Жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары – 5 950 теңге. 1,4 еселенген ЕТЖ-дан 5% төлейді (1,4 * 85 000) * 5% = 5 950 теңге.

Егер жеке кәсіпкер есептілікті «нөлмен» тапсырса, бірақ өз қызметін ресми түрде тоқтатпаса, онда ол Салық кодексі талап еткендей жарналарды төлеуді жалғастыруы керек екенін есте ұстаған жөн. Әйтпесе, қарыз пайда болады.

Дербес төлеушілердің жарналары –  4 250 теңге (1 ең төменгі жалақының 5% ).

Мемлекет тарапынан МӘМС-ке төленетін жарналар –  7 285,9 теңге.

Төлемді екінші деңгейдегі банктің кез келген бөлімшесі, «Қазпошта» АҚ, Kaspi.kz, HalykBank мобильді қосымшалары арқылы, сонымен бірге Касса 24 және Qiwi әмиян  өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы аударуға болады.

Еске салайық, МӘМС жүйесіндегі мәртебені келесі жолдармен тексеруге болады:

  • Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайты: msqory.kz
  • Telegram-бот (https://t.me/SaqtandyryBot)
  • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
  • Кейбір екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары
  • egov.kz  электронды үкімет сайтының «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі төлемдер мен жарналар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі арқылы.
16 қаңтар 2025 ж. 43 0