Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 2025 жылы МӘМС-ке қанша төлейміз?

2025 жылы МӘМС-ке қанша төлейміз?

Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарналарды есептеу негізі ретінде ең төменгі жалақыны алатынын еске салды. 2025 жылы оның мөлшері сол күйінде қалады – 85 000 теңге. Демек, жарналар мөлшері де өзгермейді.

Жұмыс берушілер мен жұмысшылар үшін ставкалар да өзгеріссіз қалады – сәйкесінше 3% және 2%.

Тек біржолғы төлем мөлшері өзгереді – 21,5%-дан 23,8%-ға дейін, сондай-ақ жеңілдетілген категориядағы азаматтар үшін мемлекет тарапынан жарналар мөлшері өзгереді – орташа айлық жалақының 1,9%-ынан 2%-ына дейін, бұл көрсеткіш өткен екі жылдағы ағымдағы қаржы жылының орташа айлық жалақысынан есептеледі. Бұл мәліметті мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган анықтайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының орташа айлық жалақысы 364 295 теңгені құрады.

Осылайша, 2025 жылы МӘМС төлемдерінің мөлшері келесідей болады:

Жұмыс берушілердің жарналары – қызметкердің табысынан 3%;
  • Жұмысшылардың жарналары – табыстың 2%-ы;
  • Біржолғы төлем төлеушілер – жалақы қорынан 23,8%;
  • Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалардың жарналары – табыстың 2%-ы;
  • Жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары – 5 950 теңге (АЕК-тің 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы, сәйкес қаржы жылының республикалық бюджет заңымен бекітілген);
  • Дербес төлеушілердің жарналары –  4 250 теңге (АЕК-тің 5%-ы);
  • Мемлекет тарапынан МӘМС-ке төленетін жарналар –  7 285,9 теңге.
МӘМС жарналарын «Қазпошта» АҚ, екінші деңгейлі банктердің кассалары мен мобильді қосымшалары, сондай-ақ терминалдар арқылы төлеуге болады.

Еске салайық, МӘМС жүйесіндегі мәртебені келесі жолдармен тексеруге болады:

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайты: msqory.kz
  • Telegram-бот (https://t.me/SaqtandyryBot)
  • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
  • Кейбір екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары
egov.kz электронды үкімет сайтының «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі төлемдер мен жарналар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі арқылы.
25 желтоқсан 2024 ж. 58 0