Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Сыр еліндегі ерекше рәсім

Сыр еліндегі ерекше рәсім

Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Сыр еліне сапарында АХАТ бөлімінің жұмысымен танысты. Бұл туралы «Азматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалы хабарлады.

Жұмыс сапары барысында Басқарма Төрағасы халықпен жүздесіп, АХАТ ғимаратында туу туралы куәлік, жеке куәлік, зейнеткерлік куәлік және неке куәліктерін салтанатты түрде табыстады. Қызмет алушылар өз құжаттарын ерекше түрде алғанына қуанып, өз ризашылықтарын білдірді.

«АХАТ бөлімінің жұмысын жаңарту және қызмет көрсету тәсілдерін жақсарту мақсатында облыс әкімдігімен бірлесіп, осындай маңызды бастамаларды қолға алдық. Бұл бағытта азаматтардың мемлекеттік қызметке қолжетімділігін қамтамасыз ету, қызмет көрсету сапасын жақсарту және әрбір тұрғынға құрмет көрсету басты назарда», - деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиал басшысы директоры Аида Абибулаева.

Айта кетейік, салтанатты рәсімдерді өткізу тәжірибесі өңірде 2024 жылғы 1 маусымда енгізілді. Сол кезеңнен бері 500 астам рәсім өткізілді.
Мұндай жаңашылдық тұрғындардың өміріндегі маңызды кезеңдерді құрметпен және салтанатпен атап өтуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, салтанатты рәсімдер Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс, 1А мекенжайы бойынша өткізіледі.
08 қаңтар 2025 ж. 248 0