Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Барлық мәселе ұдайы бақылауда болуы тиіс

Барлық мәселе ұдайы бақылауда болуы тиіс

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен «Smart Data Ukimet» ақпараттық жүйесінің жұмысы талқыланған Үкімет отырысы өтті.

Үкімет отырысынан кейін онда көтерілген мәселелерге орай жиын өткізіліп, жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.

Жиында «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу, отбасылардың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне ең көп әсер ететін факторларды анықтайтын модульді жүзеге асыру тапсырылды.

Айта кетейік, бүгінде «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесінде барлық деңгейдегі әкімдер, облыстық басқармаларға 160 есептік жазба ашылып, ішіндегі кейстер мен дэшбордтарды күнделікті жұмыста пайдалануда. «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде Қызылорда облысының 224 187 отбасы немесе 852 944 адам тіркелген. Азаматтарға белсенді қызмет көрсету бағытында әл-ауқат деңгейі, экономикалық, әлеуметтік және тұрғын үй жағдайлары, денсаулық сақтау, білім саласы бойынша тиісті мемлекеттік органдар адрестік жұмыс жүргізуде.

Мәжілісте бюджеттің толық игерілуі, мереке күндері коммуналдық қызметтердің тұрақты әрі қалыпты режимде жұмыс істеуі, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының негізсіз өсуін болдырмау, өрт және санитарлық талаптардың қатаң сақталуын, бейберекет саудаға жол берілмеуін қамтамасыз ету қатаң тапсырылды.

Айта кету керек, коммуналдық қызметтердің күшейтілген режимде үздіксіз қызмет көрсетуін, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын бақылауда ұстау үшін облыс аумағында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

Қала, аудан әкімдері мен облыстық басқарма басшылары алдағы жоспарларды іске асыруға әзірлікті пысықтауы тиіс. Атап айтқанда, бюджеттің игерілуі, аймақтағы қоғамдық-саяси ахуал және өзге де маңызды мәселелер ұдайы бақылауда болуы керек.

Сонымен қатар, мәжілісте ауа райының суытуына байланысты «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы сенбілік жұмыстары уақытша тоқтатылып, коммуналдық тазалық мекемелері штатық режимде жұмыс жасау керектігі атап өтілді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
25 желтоқсан 2024 ж. 60 0