ӘМСҚ филиалының мамандары еңбек ұжымдарының сұрақтарына жауап берді

Онлайн-конференцияға Қордың орталық аппаратымен ұсынылған мәлімет негізіндегі жұмыс берушінің өз қызметкерлеріне МӘМС жарналарымен аударымдарын уақытылы немесе толық төлемеу салдарынан сақтандырудан тыс қалған қызметкерлер бойынша аймақтағы 6 кәсіпорын объектісіне, атап айтқанда «ҚазСпектрСтрой» ЖШС, «Integra Contruction KZ» ЖШС филиалы, «Аралтұз» АҚ, «Бастау» ЖШС, ҚР Стретегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Үлтық статистика бюросының, ҚР Сот әкімшілігі облыстық департаменттері сияқты мекемелердің ұжым қызметкерлері қатысты.
Халықты ақпараттандыру және өтініштердіқарау бөлімініңбасшысы Ғалымжан Салықов атап өткендей, қызметкер МӘМСжүйесінде «сақтандырылған» мәртебесін жоғалтпауыүшін үздіксіз 12 айдынаударымдар мен жарналартұрақты түрде болуы қажет.Егер де, бір айдын төлемдері толық болмаса, қызметкер өз сақтандыру мәртебесін жоғалтатындығы ескертілді.
Төлемдерді жасау барысында ЖСН дұрыс, төлем жасалған ай мен жылы тиесілі кезеңіне нақты белгіленуі маңызды. Заң талаптары аясында белгіленген аударымдар мен жарналардың өңделу мезімдері үш жұмыс күн ішінде жүргізілетіндігі айтылды.
Сондай-ақ, спикер егер еңбек демалысы 30 күннен асатын немесе ұзақ мерзімді еңбек демалысында болған жағдайда, МӘМС жарналары мен аударымдарының төлену кезеңі әрбір ай үшін есептелен еңбек демалыс күндеріне сәйкес жүргізілуі тиісті екендігін жеткізді. МӘМС жүйесі халықтың денсаулығын қорғауға және олардың медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттыруын қамтамасыз етуге бағытталғаны баса айтылды.