Cыр өңірі түркі дүниесінің «Ең үздік мәдени аймағы»

Мемлекет басшысының «Адал адам» тұжырымдамасына сәйкес ақпан айынан бастап 171 мәдениет үйі мен клуб 7 бағыт бойынша «Адал адам – мәдени-тәрбие орталығы» жобасын іске асыруда. Бұл жоба ауылдағы мәдениет ошақтарының жұмысын қайта жандандырып, түрлі мәдени-танымдық форматтағы шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Одан бөлек, 1 маусымнан бастап облыстық және аудандық барлық кітапхана жұмысы ұжымдық шарт негізінде сағат түнгі 24.00-ге дейін жұмыс істеу режиміне көшті.
Сыр өңірі – еліміздің даму тарихында өзіндік орны бар киелі мекен. Аймақтағы тарихи жәдігерлерге жылдар бойы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесімен «Шірік Рабат сақ жауынгері», «Сығанақ ханшайымы» реконструкциялары және «Түгіскен көсемі» мен «Жетіасар ақсүйек әйелі» мүсіндері жасалып, облыстық музей қорына табысталды. Ерекше айта кету керек, облыстағы мәдениет және руханият саласында атқарылған жұмыстарға Халықаралық Түрксой ұйымының шешімімен Сыр өңіріне түркі дүниесінің «Ең үздік мәдени аймағы» номинациясы берілді.
Сонымен қатар, Алаштың анасы атанған өңірдің мәдениетін еліміздің басқа аймақтарына насихаттау мақсатында өткен жылы Астана қаласының 25 жылдығына арналған Қызылорда облысының Өнер күндері ұйымдастырылса, биыл Алматы қаласының туған күніне орай «Сұлу Сырдан – ару Алматыға» атты кеш өтті. Бұл жоба келер жылы да өңірлер арасында жалғасын табатын болады.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі