Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кеселмен күрес бәсеңдемейді

Кеселмен күрес бәсеңдемейді

Түп-тамырымен қоғамды жайлаған жемқорлықтың алдын алу әсте оңай болмай тұр. Бүгінде қоғамның қай бұрышын да қамтыған бұл мәселенің оң шешімін табу қиын болып отыр. Жемқорларға жазаны арттырып, айыппұл мөлшерін өсіргенімізбен, жұрттың қаржысын қалтаға басатындардың саны азайған жоқ. Керісінше асқынып бара жатқандай көрінеді. Әрине бұл ретте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің атқарып жатқан қызметін жоққа шығаруға болмайды. Олар әшкерелеген жемқорлар қанша, әлі ашылмаған қылмыс қанша? Әлі бірталай іс тергеп-тексеріліп жатқаны, сондай-ақ беймәлім жағдайлары да бары белгілі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әр Жолдауында бұл мә­се­­леге ерекше мән береді. Сайлауалды бағдарламаларында да атал­ған тақырыпты жиі көтереді. Мүдделі мемлекеттік органдардың осы маңызды міндетті орындауға бағыт­талған жұмысының нәтижелі­лігі жылдан-жылға біршама арта түскені көңілге үміт ұялатады.

Сыбайлас жемқорлық-мем­ле­­кет­­­тік құрылымдардың эконо­мика аясында, қылмысты құры­­лым­­­­дармен біте қайнасуы, сон­­дай-ақ мемлекеттегі лауазымды адам­дардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштағы парақорлығы, өзінің қызметтік мәрте­бесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табуда.

Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қыл­мыстық, тәртіптік, әкімшілік жауап­­кершілікті реттейтін арнайы норма­тивтік-құқықтық ак­тілерде қабыл­данды. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар. Елімізде Сыбайлас жемқорлық азайса, Қазақстанымыздың әлеуметтік жағ­дайы жақсарып, өз мақсатына бір табан жақындайды.

Заңды қатайтқанмен, адамның санасы түзелмесе, ештеңе өзгер­мейді. Сондықтан, ең алдымен, халық­тың санасын оятуға жұмыс істеу керек.

Нұғман СМАЙЛОВ,
Шаған ауылдық округінің әкімі

16 қараша 2024 ж. 142 0