Әйелдер мен балалар қауіпсіздігі басты назарда
Қызылорда облыстық прокуратурасының үйлестірумен әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жаңашыл өзгерістерді қолдану мәселелері дөңгелек үстелде талқыланды, деп жазады Kyzylorda-news.kz.
Іс-шараға прокуратура, сот, адам құқықтары жөніндегі өкіл, бала құқықтары жөніндегі уәкіл, әйелдер кеңесінің мүшесі, облыстық білім басқармасы, адвокаттар қауымдастығы, сарапшылар және құқық қорғау органдары басшылары қатысты.
Дөңгелек үстелді облыс прокуроры Р.Ожаров кіріспе сөзімен ашып, әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершіліктің қатаңдатылғаны туралы айтып өтті.
Сондай-ақ отбасы институтын және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалардан тұратын негізгі 15 Заңға өзгерістер енгізілгендігіне тоқталды.
2023 жылы облыс бойынша әкімшілік соттарды қасақана жеңіл дене жарақатын келтірумен 927 (24ж. 5 айда - 402) іс қаралып, 389 (122) адам жауапқа тартылған.
Ұрып-соғу бойынша 553 (24ж. 5 айда - 315) іс қаралып, 211 (107) адам жауапқа тартылған.
Жиында заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес жоғарыда аталған әкімшілік құқық бұзушылықтың барлығы қылмыстық құқық бұзушылық санатына өтетіні сөз болып, тергеу барысында туындайтын проблемалық мәселелер мен дайындық жұмыстарының жай-күйі пысықталды.
Баяндамашылар тергеу кезіндегі орын алатын проблемалық мәселелердің оңтайлы шешу жолдарын ұсынды.
Нәтижесімен қатысушылар тиімді тергеу тәжірибесін қалыптастыру бағытында нақты іс шаралар белгіледі.
Сонымен қатар Қызылорда облысы прокуратурасының бастамасымен жуырда облыс әкімдігімен бірлесіп өткізілген кеңейтілген отырыста кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың жазғы демалыстағы қауіпсіздігі мәселелері қарастырылған болатын.
Жиынның негізгі мақсаты – Балалар қауіпсіздігі!
Басқосуда облыс әкімі Н.М.Нәлібаев пен облыс прокуроры Р.К.Ожаров төрағалық етіп, оған облыстық мәслихат төрағасы, құқық қорғау органдарының басшылары, қала және аудан әкімдері, қала, аудан мәслихат төрағалары, ардагерлер, қоғамдық кеңес төрағалары, ата-аналар комитетінің өкілдері мен облыстық білім басқармасының, қала ауданның білім бөлімдері мен білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Қылмыстың алдын алу, оны болдырмау – құқық қорғау органдары мен атқарушы органдарға жүктелген басты міндет.
Өкінішке орай балалармен жасалған ауыр қылмыстар және топтық төбелестер, өзге де құқық бұзушылықтар тыйылмай отыр.
Бала тәрбиесінде ең бірінші кезекте ата-ана рөлі ерекше.
Сондықтан жиында ата-ана жауаптылығын күшейтуге аса мән беру қажеттігі айтылды.
Полиция инспекторлары есепке алынған балалармен тиісті профилактикалық жұмыстарды өз дәрежесінде жүргізбеуімен қатар, тәрбиелеу міндеттерін орындамаған ата-аналарды профилактикалық есепке алмағаны, ұстаздардың кісі өлтіру, есірткі сату, алаяқтық, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құқық бұзушылықтарын жасау әрекеттері де көтерілді.
Прокуратурамен Жол картасы әзірленіп облыс әкімдігі, полиция департаментімен бірлесіп үш жақты бекітіліп жүзеге асырылуда.
– Балалардың жазғы демалысын қауіпсіз, тиімді өткізуге жағдай жасау баршамыздың парызымыз, – деп облыс прокурорының орынбасары Дүйсенбаев Нұрболат Серікұлы өз баяндамасында атап өтті.
Мәжіліс қорытындысы бойынша барлық мүдделі органдарға тапсырмалар берілді.