Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Лудомания – қоғам дерті

Лудомания – қоғам дерті

Сырдария әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Нұржан Ешниязов кент және ауылдық округ әкімдерімен лудоманияға қарсы заң нормаларын түсіндіру жөнінде мәжіліс өткізді.

– Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындардан алшақ болуы өзекті мәселе. Осы бағытта бірқатар шаралар қабылдануда. Тиісті заңнамаға лудоманияға қарсы күрес бағытында бірқатар түзетулер, жаңа шектеулер енгізілді. Заң талаптары барынша күшейтілді. Құмар ойын мекемесіне барғандар тәртіптік жауапкершілікке тартылады, ал құмар ойынға қатысқандарды қызметтен босату қарастырылған, – деді Нұржан Ерділдәұлы.

Лудомания адамның жеке өміріне және қызметіне, экономикалық жағдайына орасан зиян келтіреді. Сондай шешімдердің бірі – мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойынға қатысуына тыйым салу. Бұл қадам жемқорлық фактілерінің азаюына және қызметкерлердің қаржылық қиындыққа тап болуының алдын алуға үлкен ықпал етеді.

Жиын соңында әкімдер Әдеп жөніндегі уәкілге тақырып бойынша түрлі сауалдарын қойып, тиісінше жауап алды.
30 қазан 2024 ж. 281 0