Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елордада LRT пойыздары жүргізушісіз басқарыла ма

Елордада LRT пойыздары жүргізушісіз басқарыла ма

Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов Астанада салынып жатқан LRT құрылысын салу қарқынымен танысты, деп жазады Egemen.kz.

Құрылысты тексеру барысында LRT пойыздарын пилотсыз жүргізу жоспарланып отырғаны айтылды.

«City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаевтың айтуынша, барлық құрылыс жұмыстарын аяқтап, LRT-ны іске қосу 2025 жылдың соңына жоспарланған. Ал пилотсыз пойыздарды сынақтан өткізу үшін қосымша 6 ай қажет.

Жалпы жеңіл рельсті желінің жалпы ұзындығы 22,4 км құрайды. LRT құрамына 18 станса кіреді. 652 адам сыятын 19 жылжымалы құрамды іске қосу жоспарланып отыр. LRT стансалардын 4-5 минут аралығында қатынайды. Бастапқы кезеңде тәулігіне 25 мың жолаушыны тасымалдау межеленген.

Төлем жүйесі қалалық аналогы бойынша, көлік картасын валидациялау немесе QR-код арқылы төлеу арқылы қарастырылған.

Фото: Үкімет
24 қазан 2024 ж. 211 0