«Еурохаттама» мобильді қосымшасы сынақ режимінде іске қосылды!
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Еуро хаттама» мобильдік қосымшасымен полицияның қатысуынсыз және декларация жасау арқылы сақтандыру төлемін жеделдетілген, оңайлатылған түрде алу туралы сот шешімінсіз жүргізушілердің ұсақ жол-көлік оқиғаларын дербес ресімдеу тетігі енгізілді.
Еурохаттаманы қолдану үшін арнайы талаптарға сай болу керек. Ең негізгі талаптарына тоқталатын болсақ, жол-көлік оқиғасына тек екі көліктен аспайтын көлік қатысса, екі жүргізушінің де қолданыстағы сақтандыру полистері болса, қатысушылардың өмірі мен денсаулығына зиянның болмауы және шығынның шекті сомасы 100 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек,жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген шығын мән-жайы, көліктің көрінетін зақымдануының сипаты мен тізбесі, қатысушылардың бірінің кінәсі аварияға қатысушыларда келіспеушілік тудырмаса және декларацияда тіркелсе, оқиға қатысушылары сақтандыру сомасының мөлшері шегінде сақтандыру төлемінің мөлшеріне келіссе, қатысушылар көлік оқиғасы туралы құжаттар мен мәліметтерді ресімдеуді сақтандыру компаниясының ақпараттық жүйесін және ұйымның деректер базасын қалыптастыру, жөніндегі ақпараттық жүйесін пайдалана отырып декларация жасау жолымен жүзеге асырады.
Жол-көлік оқиғасы туралы полиция қызметкерін шақырмай хаттама толтырар кезде мынаны естен шығармау керек. Егер сіз европротакол қосымшасы арқылы хаттама түзіп кейін талас-тартыс болып, шығынды өндіре алмай қалсаңыз полиция қызметкеріне қайта шағымдана алмайсыз. Сондықтан жаңа жүйенің қызметіне жүгінер алдын жеті өлшеп бір кескен жөн.
Сондықтан, егер аталған шарттардың бірі болмаса немесе жүргізушілер оқиғаның мән-жайы туралы келісе алмаса, олар полиция қызметкерлерін шақыруға және белгіленген тәртіппен жол-көлік оқиғасын ресімдеуге міндетті. Бұл ретте сақтандыру төлемі ҚР-ның «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңның 25-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Фото: ffins.kz