Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 56 газет

16 шілде 2024 ж.

№ 55 газет

13 шілде 2024 ж.

№54 газет

10 шілде 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған монеталар айналымға шығады

Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған монеталар айналымға шығады

Қазақстан Ұлттық банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан QANYSH SÁTBAEV. 125 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Номиналы 2000 теңгелік монетада марганец рудасының, минералдың түсін білдіретін күрең қызыл түске ие тантал сақинасы бар. Бұл ірі кен орнын Қ. Сәтбаев Жезді ауылының маңында тауып, игерген. Марганец Ұлы Отан соғысы кезінде броньды техникаға арналған болат қорытпалары өндірісінде кеңінен қолданылып, КСРО-ға марганец кенінің 70%-дан астамын беріп отырған.

Монеталар:

- биколорлы (дискісі – 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 34 грамм, сақинасы – танталдан, массасы 40 грамм), монетаның массасы – 74 грамм, диаметрі – 50 мм, сапасы – proof, номиналы – 2 000 теңгелік, таралымы – 300 (үш жүз) дана;

- мельхиор қоспасынан (МН 25) дайындалған монетаның массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 5000 (бес мың) дана.
Монеталардың барлық түрі Қазақстанның бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің кез келген түрінде қабылдануға, елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға, айырбасталуға жатады.

Биколорлы монеталар мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде ҚҰБ нөмірлі сапа сертификаттары бар кәдесый орамында, ал мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар блистерлік орамада шығарылады. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Фото: Ұлттық банк
09 шілде 2024 ж. 88 0