Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Каспий теңізінің деңгейі көтерілді

Каспий теңізінің деңгейі көтерілді

Биыл Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің деңгейі 119 сантиметрге көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше теңіз деңгейінің көтерілуіне сәуір-мамыр айларында Жайық өзені арқылы тасқын суының мол келуі әсер еткен. Сондай-ақ Су ресурстары және ирригация министрлігі мен жергілікті әкімдік бірлесіп салған қосымша арналардың көп көмегі болған.

Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны кезінде Каспий теңізіне Жайық өзені арқылы шамамен 7,4 млрд текше метр су жіберілді. Тасқын суын теңізге өткізу үшін Атырау облысы бойынша «Қазсушар» филиалы қосымша каналдарды пайдаланды. Ол арналар арқылы Каспийге 350 млн текше метр су келді.

«Қазсушар» мамандары арналардың барлығында тазарту, нығайту және басқа да жұмыстарды жүргізді. Мысалы, «Соколок» каналының бойында ұзындығы 14,5 шақырым болатын қосымша канал қазылды, ол арқылы тасқын суы Каспийге жіберілді.

«Тасқын суы тек су қоймаларына жиналып қана қоймай, 12,4 миллиард текше метр су тоғандарға, лимандар мен табиғи шабындықтарға жіберілді. Су тасқыны басталғаннан бері Балқаш көліне 3,3 млрд текше метр су жіберілді. Сонымен қатар Солтүстік Аралға су жіберу жұмысы жалғасып жатыр. Жыл басынан теңізге 1,1 млрд текше метрден астам су келді», деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

Фото: kz.oqu.news

01 шілде 2024 ж. 191 0