Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

№40 газет

30 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қызылорда облысы көлдеріне 839 млн текше метрден астам тасқын суы жіберілді

Қызылорда облысы көлдеріне 839 млн текше метрден астам тасқын суы жіберілді

Тасқын кезінде Ұлытау облысының Кеңгір су қоймасынан 839 млн текше метрден астам су жіберілді. Нәтижесінде, алғаш рет Кеңгір су қоймасынан жіберілген су Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысы көлдеріне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеңгір су қоймасынан 307 млн текше метр су, Жезді су қоймасынан 81 млн текше метр су жіберілген, ал Сарысу өзеніндегі «Қызылжар темір жол станциясы» су бекеті арқылы 451 млн текше метр су келген.

«Бүгінгі таңда Қызылорда облысының Телікөл көлдер жүйесінің қарқынды су жинағаны байқалады, бұл өңірдің ауыл шаруашылығына жағымды әсер етуі тиіс. Жиналған су одан әрі облыстағы күріш алқаптарына жіберіледі», деді аталған министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.

Фото: gov.kz
06 мамыр 2024 ж. 359 0