Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 53 газет

06 шілде 2024 ж.

№ 52 газет

02 шілде 2024 ж.

№51 газет

29 маусым 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Елімізде жаңа білім беру бағдарламалары пайда болды

Елімізде жаңа білім беру бағдарламалары пайда болды

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2024-2025 оқу жылына PhD докторларын даярлауға мемлекеттік тапсырысты тағы 1000 орынға ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ғылыми кадрларды (PhD докторларын) даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту 2024 жылдан бастап жоспарланып отыр. 2023 жылы ғылыми кадрларды (PhD докторларын) даярлауға мемлекеттік тапсырыс 1890 бірлікті құрайды. 2024-2025 оқу жылына ғылыми кадрларды (PhD докторларын) даярлауға мемлекеттік тапсырыс 1919 орын болмақ», деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Министрлік ғылыми кадрларды (PhD) даярлауға мемлекеттік тапсырысты тағы 1000 орынға ұлғайту мәселесін пысықтап жатқанын атап өтті.

«Сонымен қатар 2024-2025 оқу жылына „Автомобиль жасау“, „Кәсіптік-педагогикалық даярлық“, „Спорт“ және „Криптология“ сияқты пәндер бойынша жаңа білім беру бағдарламаларының топтары ашылды, сондай-ақ осы бағыттар бойынша мемлекеттік тапсырыс орналастырылды», деп нақтылады министрлік.

Фото: caravan.kz
01 шілде 2024 ж. 83 0