Өзекті мәселелердің өзегі – тамыр-таныстықта
Сыбайлас жемқорлықпен күресу тәуелсіз еліміздің азаматы ретінде баршамызға ортақ міндет болып саналады. Аталған мәселе демократиялық мемлекеттің, саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізіп қана қоймай елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді.
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін заңнамалық құжаттар бар. Оның әрқайсысы біз үшін аса маңызды. Себебі жемқорлықты жою жұмысы барлық салада жүргізілуі тиіс. Ол үшін одан аулақ болып, өзекті мәселелердің өзегі – тамыр-таныстықта екенін терең түсінуіміз қажет.
Әр адам тек өзінің бас пайдасының қамын ғана емес, сонымен қоса тұтастай елдің кемел келешегі мен жарқын болашағын ойлау қажет. Сыбайлас жемқорлықпен күресті ең алдымен әр адам өзінен бастауы тиіс деген ойдамын. Саналы өскелең ұрпақты тәрбиелеп, олардың бойына адал қызмет ету, заңсыз жолмен келген ақшамен шалқып өмір сүруді емес, керісінше, сыбайлас жемқорлықсыз болашағы жарқын елде өмір сүру үлкен бір бақыт екенін түсіндіре білу қажет. Әрине, үкімет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар үнемі жағдайды қатаң түрде бақылауда ұстаулары маңызды. Еліміздің амандығы мен дамығанын, бәсекеге қабілетті мықты елдер қатарында болғанын қаласақ, сыбайлас жемқорлықты жеңуге бірге біркісідей жұмыла атсалысуымыз қажет. Қоғам болып бірлікте болсақ, заңға сүйеніп әрекет етсек, ел болып біріксек алынбайтын қамал жоқ. Сананың өзгеруі адамның ішкі жан дүниесін, пейілін өзгерткенде, өзін саналы тұрғыдан өзгерткісі келсе, бәрі дұрысталары сөзсіз.
Сағдат НҰРМАҒАНБЕТОВ,
Н.Ілиясов
ауылдық округінің әкім
Фото: eskeldi-eli.kz