Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Республикалық маңызы бар апталыққа сырдариялықтар үн қосты

Республикалық маңызы бар апталыққа сырдариялықтар үн қосты

Сырдария ауданында 24-30 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Репродуктивтi денсаулық» апталығы өткізілуде. Аталған апталық аясында аудан көлемінде арнайы іс-шара өткізілді.

Маңызы зор іс-шарада Сырдария аудандық ауруханасының акушер-гинекологы Сандуғаш Жәнібекқызы «Репродуктивтi денсаулық» тақырыбында баяндама оқыса, уролог-дәрігер Аян Қуатов ер балаларға жан-жақты кеңес берді. Сонымен қатар «Репродуктивтi денсаулық» апталығында жасөспірімдерге маңызды ақпараттар берілді. Жұқпалы ауруларға қатысты сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды.

Ал аудандық ауруханасының СӨСҚ мейірбикесі Лилия Ауминова, аудандық жастар денсаулығы орталығының мейірбикесі Динара Тұрлығұлова, психолог Айнұр Төлепова жастардың денсаулығына пайдалы кеңестермен бөлісті. Жас ана мектебінің акушеркасы Гүлзат Әуесбаева ана мен бала денсаулығы негізінде дайындалған арнайы үнпарақтарды жас аналарға таратты. Олардың жолдаған сауалдарына жауап берді.

Таңшолпан ШАНЖАРХАНОВА 
28 маусым 2024 ж. 185 0