Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Иппотерапия алғашқы қадамдарды жасауға көмектеседі

Иппотерапия алғашқы қадамдарды жасауға көмектеседі

Емдік атқа міну оңалту терапиясы «Балаларды оңалтудың Ұлттық орталығы» КЕАҚ Қызылорда филиалында қолданылуда. Мұнда жыл сайын оншақты балалар алғашқы қадамдарын жасайды.

Балаларды оңалту орталығында церебралды сал ауруы, Даун синдромы, сөйлеу дамуының кешігуі, туа біткен жүйке жүйесінің ақаулары және басқа да аурулары бар 18 жасқа дейінгі балалар оңалту емін алады.

Бес жасар Ұланның церебральды сал ауруы, спастикалық диплегиясыбар. Бала атқа мінгенді ұнатады. Анасы Гүлназ Медетьярованың айтуынша, Ұлан алғашқы қадамдарын жасай бастады.

«Ат үстінде балам аяғын, қалпын еркін ұстайды. Нәтижелер өте жақсы. Басында, оңалту орталығынакелгенде, Ұлан жүреалмады. Сосын біртіндеп үйренді. МӘМС аясында медициналық көмекті тегін алғанымызға қуаныштымыз», - деді Гүлназ Медетьярова.

Иппотерапия адамның барлық мүшелеріне жақсы әсер етеді, дейді орталық мамандары. Атпен жүру тірек-қимыл жүйесінің дамуын ынталандырады және бұлшық еттерді босаңсытады. Сондай-ақ, атқа міну жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады.

"Атты қыздыру әдісі бар. Атты терлетіп, шаптырып алып келіп, баланы отырғызады. Жылқының температурасы адамның дене температурасынан шамамен 1,5 градусқа жоғары. Баланы қыздыру әдісімен емдеуге болады. Айта кетейін, иппотерапия, басқа да оңалтуқызметтері сияқты, МӘМС аясында тегін», - дейді ЕДШ нұсқаушысы Бағлан Балтабай.

Жыл басынан бері балаларды оңалтудың Ұлттық орталығы филиалының пациенттерін қалпына келтіру еміне Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 77 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді.
22 маусым 2024 ж. 114 0