Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Менингококк инфекциясынан қалай қорғануға болады?

Менингококк инфекциясынан қалай қорғануға болады?

Балалардағы менингококк инфекциясы – инфекциялық процестің локализацияланған немесе жалпыланған түрлерінің клиникалық көріністері әртүрлі ең ауыр жедел жұқпалы аурулардың бірі.

Инфекцияның қауіптілігі – өте тез, өлім қаупі жоғары және баланың кейінгі жүйке-психикалық дамуына әсер етуі мүмкін аурудың кенеттен тез дамитын ауырлығында.

Бұл инфекциямен тек адамдар ауырады. Менингококкқа сезімталдық төмен. Инфекция балалар арасында жиі кездеседі: барлық науқастар санының 80%-ына дейін тиесілі. Кез-келген жастағы балалар ауруға бейім, көбінесе инфекция бір жасқа толмаған балаларға жиі жұғады.

Менингококк инфекциясы қалай білінеді?

Менингококк инфекциясының қоздырғышы тек адамнан адамға беріледі. Инфекция ауа тамшылары арқылы таралады және мұрынның, ауыз қуысының және жұтқыншақтың шырышты қабаты арқылы ағзаға енеді. Ауру адамның тыныс алу жолдарынан, ауыз қуысынан немесе мұрын-жұтқыншақтан немесе науқас адамнан жақын байланыста сүйісу, түшкіру, жөтелу кезінде дені сау адамның шырышты қабығына түседі. Онда бактериялар аурудың белгілерін тудырмай немесе хал-жағдайға әсер етпестен біраз уақыт ағзада болып көбейіп, ауру белгілерінсіз жүре алады (кейде мұрыннан су ағу – назофарингит белгілері байқалады). Қандағы қоректік заттарды қолдана отырып, менингококктар тез көбейіп, қанмен жұғуды (сепсис) тудырады және қан арқылы ми қабығына немесе басқа ішкі мүшелерге (мысалы, өкпе, буындар, жүрек, тері астындағы май және т. б.) таралады.

Бактерия ағзаға енген сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейінгі уақыт инкубациялық кезең деп аталады. Менингококк инфекциясы үшін бұл орташа есеппен 4 күнді құрайды, бірақ ол 2-ден 10 күнге дейін өзгеруі мүмкін.

Ауру белгілері:

Аурудың бірінші кезеңінде барлық белгілер тұрақты сипатта болады, сондықтан көптеген ата-аналар көбінесе ми қабығының қабынуының басталуын суық тию немесе ЖРВИ деп қателеседі. Олардың негізгілері:

Бастың ауыруы. Алдымен оны бас айналу, жеңіл сырқаттану ретінде көрінуі мүмкін, уақыт өте келе мигрень сияқты тұрақты сипатқа ие болады.

Тәбеттің болмауы. Сонымен қатар, тамақтың құрғауына байланысты үнемі су ішкісі келе беретіндігі байқалады.

Кішкентай пациенттерде ішектің толық теңгерімсіздігі пайда болып, ішек толқи жиырылуы күшейеді де, диарея пайда болады.

Жалпы әлсіздік, дененінң ауырсынуы.

Жарыққа, қатты дыбыстарға және бір нәрсенің жанасуына қатты реакция пайда болады.
Дене қызуы көтеріледі.

Уақыт өте келе белгілері айқынырақ болады:

• 40 градусқа дейін көтірлген қызу күшті дәрі-дәрмектердің әсерінен де нашар түседі.
• Терінің қызарып, бөртеді. Тері қышып терлей бастайды.
• Мойын бұлшықеттерінің жансыздануы – баланың басын бұру қиын болады. Бұл әсіресе нәрестелерде байқалады.
• Құсу, жүрек айну, лоқсу.
• Жүйке шамадан тыс қозуы немесе патологиялық шаршау, ұйқысыздық, галлюцинация.
• Тепе-теңдікті жоғалту, естен тану.
• Конъюнктивит, көздің ағының қызаруы, көздің ауыруы.
• Қолтық асты және мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы, шап аймағында тіндердің де сирек ұлғаюы.
• Қас, маңдай арасындағы кеңістікті басқан кезде ауырсыну.
1 жасқа дейінгі балаларда менингиттің қандай белгілері бар – дәрігерге шұғыл қаралу белгілері:
• Қызу көтеріліп, аяқ пен қолдың суық болуы мүмкін
• Тамақтан бас тарту немесе құсу
• Ыңырсу немесе жылау
• Ешкімнің жақындағанын қаламау
• Басты төмен игенді аяқты қоса бүгу
• Мәнсіз көзқарас
• Баланы ояту қиын
• Беттің бозарып дақ пайда болуы
• Қозғалыс белсенділігінің төмендеуі, сергек жүрудің төмендеуі, әлсіздік.
• Тәбеттің болмауы, емшек сүтінен бас тарту.
• Мойынға, басқа жақындағанда хал-жағдайдың нашарлауы.
• Айқын қызыл дақтардың пайда болып бозару.

Менингококк инфекциясының алдын алу:

1. Суық тиюден аулақ болыңыз.

2. Балаңызбен қоғамдық көлікте жүруді шектеңіз, балаңызбен бірге ойын-сауық іс-шараларына, дүкендерге және басқа да адамдар көп жиналатын орындарға бармаңыз, ашық ауада көбірек жүріңіз.

3. Су процедураларын қабылдау, күн тәртібін сақтау, дұрыс және теңдестірілген тамақтану ағзаның инфекцияға төзімділігіне ықпал етеді.

4. Айналаңыздағыларды ауыртпау және жұқтырмау үшін мұрын-жұтқыншақтың созылмалы аурулары фарингит, тонзиллит, ларингиттен арылу керек.

5. Ересектерде суық тиген жағдайда дәке (бір рет қолданылатын маскалар) қолдану керек.

6. Қоздырғыш сыртқы ортада тұрақсыз болғандықтан, желдету, жуу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып дымқыл тазалау, ауаны бактерицидтік шамдармен дезинфекциялау режимдері (балалар мекемелерінде) өзекті болып табылады.

7. Отбасында, ұжымда науқаспен қарым-қатынас жасаған барлық адамдар 10 күн бойы медициналық бақылауда болуға, менингококктарды жұқтырушы ретінде тексерілуі тиіс.

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
17 мамыр 2024 ж. 93 0