Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

№89 газет

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Төтенше жағдайлар министрлігі су басқан аймақтардағы жағдай туралы баяндады

Төтенше жағдайлар министрлігі су басқан аймақтардағы жағдай туралы баяндады

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынынан зардап шеккен аймақтағы қазіргі ахуал туралы баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Қазіргі уақытта Атырау мен Солтүстік Қазақстан облыстарында су сору жұмыстары жалғасып жатыр.

Атырау облысының Құлсары қаласында 100-ден астам жеке тұрғын үй мен 10 бизнес нысаны су астында қалып отыр. Құтқарушылар 2815 үйден су бұрып, сору жұмыстарын жүргізген. Дәл осындай жұмыстар СҚО-да да атқарылған.

“Өңірдің эвакуациялық пункттерінде 769 адам бар, олардың 430-ы балалар. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 7 сәуірінен бастап облыста жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталуда. Жайық өзеніндегі су деңгейі артуда. Төмендеу байқалмайды”, – делінген хабарламада.

Бүгінде ел бойынша 49819 адам өз үйлеріне оралды. Су тасқыны басталғалы бері 15 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.
05 мамыр 2024 ж. 245 0