Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Су тасқынынан кейін 22 734 адам үйлеріне оралды - министрлік

Су тасқынынан кейін 22 734 адам үйлеріне оралды - министрлік

Елімізде авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 36,5 мың адам жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өкілі Асқар Шәріп мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шаралар, азаматтарды құлақтандыру, су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Батыс Қазақстан және Атырау облыстарына Жайық өзені арқылы Ресей Федерациясы жағынан су тасқынының екінші толқынына қарсы іс-шаралар ерекше бақылауда тұр. Өткен тәулікте Батыс Қазақстан облысында 81 523 қапшық және 2 770 тонна инертті материал төселді, бөгеттердің іргесін көтеру әрі нығайту жалғасады. Атырау облысында 824 мың қапшық және 2 700 тонна инертті материал төселді, 4 424 км бөгет тұрғызылды, бөгеттердің іргесін нығайту жалғасып жатыр. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жасалып отыр, азаматтарды құлақтандыру және телерадио арқылы хабарландыру әр 4 сағат сайын іске асырылады", - деді А. Шәріп Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Оның айтуынша, қазіргі мәлімет бойынша 22 734 адам өз үйлеріне оралды. 8 809 адам, оның ішінде 3 828 бала эвакуациялау пункттерінде.

"Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында үйлер мен аумақтардан суды шығару жұмыстары жалғасып жатыр. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 36 484 адам, 5 083 техника, 888 су сору құралы, 381 жүзу құралы, 16 әуе көлігіжұмылдырылды", - деді министрлік өкілі.

21 сәуір 2024 ж. 398 0