Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мейiргерлер арасында конкурс ұйымдастырылды

Мейiргерлер арасында конкурс ұйымдастырылды

Қызылорда жоғары медициналық жоғары колледжінде «Халықаралық мейіргерлер күнін өткізу туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2024 жылғы 10 сәуірдегі №231 бұйрығын орындау мақсатында «Үздік маман – 2024 жыл», «Үздік БМСК ұйымдарының мейіргері», «Үздік аурухана мейіргері», «Үздік ауылдық мейіргер», «Үздік фельдшер», «Үздік акушер», «Үздік дантист» атты облыстық кәсіби конкурс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz 

2 кезеңнен құралған сайыстың І-шi кезеңiнде «Конкурсанттардың портфолиумдарын бағалау», ІІ-шi кезеңi «Практикалық дағдылардан өту» бойынша өткiзiлдi.

Барлығы 37 мейіргер қатысқан сайыста қатысушылар үздік стационар мейіргері конкурсының мамандарының практикалық машықтануы, жүрек-өкпе реанимациясы (BLS), анафилактикалық шок кезінде шұғыл медициналық көмек, коммуникативті дағдылар, мейіргер ісінің үрдісі (Вазофиксті салу және оның күтімі), ойылымның алдын алу және күтімі стандартының алгоритміне мейіргерлік үрдіс ұйымдастыру бойынша бiлiктiлiктерiн көрсетті.

Үздік БМСК мейіргері, үздік ауылдық мейіргер конкурсы мамандарының практикалық машықтануы нәтижесінде «Үздік стационар мейіргері» конкурсы бойынша 87,5 баллмен облыстық фтизиопульмонология орталығының мейіргері Гүлмира Жаркенова, «Үздік БМСК мейіргері» конкурсы бойынша 81,5 баллмен Жалағаш аудандық емханасының мейіргері Гүлназ Тұрғанбаева, «Үздік ауылдық мейіргер» конкурсы бойынша 76 баллмен Жалағаш аудандық ауруханасы, «Ақсу» дәрігерлік емханасының мейіргері Толқын Ертілеуова үздік атанды.

Сондай-ақ, «Үздік фельдшер», «Үздік акушер», «Үздік дантист» конкурсы нәтижесінде «Үздік фельдшер» номинациясын 87 баллмен облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының фельдшері Фазила Ғанибекова алса, «Үздік акушер» конкурсы бойынша 90 баллмен көпбейінді облыстық ауруханасының акушері Гүлзат Жұмабекова, «Үздік дантист» конкурсы бойынша 150 баллмен Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының емхана бөлімінің дантисті Самат Шерімбетов үздік атанды.
29 сәуір 2024 ж. 93 0