Қызылордада «Үздік мемлекеттік өрт бақылау қызметкері» анықталды
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 2020-жылғы «Үздік мемлекеттік өрт бақылау қызметкері» ХІV-республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Конкурс жыл сайын өткізіледі және оның мақсаты – қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, жұмысқа ынталандыру. Конкурсқа өз бөлімшелерінде үздік болып саналатын 10 қызметкер қатысты. Барлық қызметкерлердің мемлекеттік өрт бақылау саласындағы еңбек өтілі 3 жылдан жоғары. 1-турда мамандардың қызметін реттейтін негізгі нормативті-құқықтық актілер бойынша тестілеу өткізілді. 2-тур практикалық бөлімде объектінің өртке қарсы жағдайына шартты тексеріс жүргізілді. Аталған турда қызметкерлер «Али-Аспан» ЖШС-не қарасты объектіні тексерді. Қатысушылар өрт-техникалық тексеруді аяқтап, тексеріс нәтижелері туралы актілерді, бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтырды.
Комиссия төрағасы Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Саид Молдақараев және комиссия мүшелері конкурстың 2 турында толтырылған материалдарды тексеріп, Департамент қызметкерлерінің жоғары дәрежедегі шеберлігін атап өтті. Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Айдос Мұратұлы Сыдықов конкурстың барлық турларында жоғары нәтиже көрсетіп, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2020 жылғы үздік мемлекеттік өрт бақылау қызметкері атанды.
Айдос 33 жаста. 2008 жылы М. Тынышпаев атында Қазақ көлік және коммуникация академиясын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. Өзінің тікелей міндеттерін жетік меңгерген қызметкер ретінде көрсетіп келеді. Жұмыс атқарып жүрген мерзім ішінде өзін жан – жақтылығымен және тиянақтылығымен танытты, жұмыс барысында қолданатын нормативті – құқықтық актілермен, азаматтық қорғау саласындағы қызметтік регламенттік құжаттарын күнделікті жұмыста сауатты да жақсы пайдалана алады.
Облыстық конкурс жеңімпазы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Нұр-Сұлтан қаласында өтетін екінші кезеңіне қатысады.