Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Европалық иммундау апталығы дегеніміз не?

Европалық иммундау апталығы дегеніміз не?

Осы жылы сәуір айының 21-27 аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросынын ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасында, оның ішінде аудан аумағында «Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғау!» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өтіп жатыр. Апталық бір мезгілде барлық елдерде өткізілуде.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталған іс-шараны 2006 жылдан бастап жүргізіп келеді, шараның негізгі міндеті — тұрғындардың назарын иммундаудың мәселелеріне аудару болып табылады. Иммундау апталығы жыл сайын сәуірдің соңында тұрғындарды иммундаудың маңыздылығы жөнінде хабардар ету, вакциналардың тиімділігі бойынша білімдерін жоғарлату мақсатымен өткізіледі. Еуропалық иммундау апталығы негізгі міндеті - әр бір азаматқа арнайы профилактика жолдарымен алдын алуға болатын аурулардан қорғануға болатындығын және оған құқығы бар екенін түсіндіру. Аурушаңдықтың төмендеуіне қарамастан, өкпемен басқарылатын инфекциялардан қорғанудың сенімді жолы - вакцинация. Вакцинация бүгінгі таңда әр бір азаматқа колжетімді, ең тиімді медициналық қызмет болып табылады.

Вакцинациялаудың тимді бағдарламаларының нәтижесінде көптеген өкпемен басқарылатын инфекциялар айтарлықтай азайды: полиомилит мүлдем жойылды; 2003 жылдан бері дифтерия сырқаттанушылығы тіркелген жоқ, қызамық, қызылша, эпидемиялық паротит, көкжетел, сіреспенің, тек бірлі-жарым жағдайлары тіркелуде; «А» жане «В» вирусты гепатитінің аурушылдығы 60-100 есеге дейін, төмендеді.

Вакцинацияның тимділігі екпені уақытылы және толық алуға тікелей байланысты. Иммундау көрсеткішінін төмендеуі жұқпалы ауруларды қабылдағыш адамдардың көбеюіне әкеліп соқтыруы мүмкін, соның нәтижесінде сырқаттанушылықтың бұрқ етпе жағдайлары туындайды. Әр түрлі елдерде вакцинациядан жаппай бас тартудың нәтижесі эпидемияға әкеліп соқтырды.

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
22 сәуір 2024 ж. 128 0