Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шәйді дұрыс демдей аласыз ба?

Шәйді дұрыс демдей аласыз ба?


Барлық адамдар күнделікті шәй ішуді жақсы көреді. Алайда шәйді қалай дұрыс демдеудің қыр-сырын білмей жатады. Негізі қытай халқы шәйді дұрыс демдеуді – үлкен өнер санайды. 
Ендеше біз сіздерге дұрыс шәйді демудің бірнеше тәсілдері туралы айтпақшымыз. 

1. Негізі шәйдің тек 6 сұрпы бар. 

Шәйдің барлық сұрыптары қытай шәйшөптері- өсімдіктерінен және бір өсімдік жапырақтарын түрлі жолдармен өңдеу арқылы алынады. «Көк шәй» немесе «қара шәй» деген тек өңдеу технолоиялары көмегімен алынған дүниелер болып есептеледі. Ал қалған барлық – ағаш шөптер (жалбыз сияқты), кептірілген жемістер және тағы басқалары шәй емес, тек тұндырма. 

2. Шәйға қайнап тұрған суды құюға болмайды 

Шәйге қайнап тұрған суды құймаңыз, онда шәйдің құрамындағы пайдалы элеметтерді ыстық су қайнатып жіберуі мүмкін. Ал шөптерге немесе кептірілген жемістере ыстық су құйған дұрыс. Судың темературасын термометрдің көмегінсіз анықтауға болады. Буы шығып және шәйнек тербеліп қайнай бастаса, ол шамамен 65-75 °C. Ал су қайнап көбіршіктеніп, сарқыраса ол шамамен 85-90 °C білдіреді. 

3. Шәйді демдеу үшін тек таза суды пайдаланыңыз 

Суды қайта-қайта қайнатқан кезде судың құрамындағы минералды заттар өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтады және соның салдарынан қақтар пайда бола бастайды. Оның үстіне шәйді дұрыс демдеу үшін қажет болатын судағы оттегі буланып кетеді. 

4. Демдейтін шәйдің мөлшерін бір кесеге бір ас қасық етіп салыңыз. 

Ешқашанда қосымша қасықпен шәй салмаңыз. Сіз шәйді шамадан тыс қою қылдырып жібересіз және шәйдің өзіне тән хош иісін сезінбей қалуыңыз әбден мүмкін. 

5. Шәйнекті жылытпаңыз 

Тек шәйнекті ыстық қайнап тұрған судың көмегімен ысытыңыз- егер шәйіңіз қалың фарфорлы немесе керамикадан жасалған болса. 

6. Шәй демделіп жатқан кезде шәйнектің қақпағын ашыңыз 

Бұл процесс шәй жапырақтарын оттегімен қанықтырады және оның хош иісінің мейілінше ашылуына көмегін тигізеді. 

7. Шәйге қосылатын ингредиенттердің өзінің мәні бар 

Егер Сіз шәйді шәйнекте демдеп ішсеңіз, онда алдымен кесеңізге сүтті құйып алыңыз, сосын шәй құйыңыз. Осының арқасында сүт белгілі бір деңгейде қыздырылады және сусын барынша хош иістене түседі. Ал егер сіз сүтті соңында құйсаңыз, онда ол шәйді суытып жібереді. 

8. Ал егер сіз пакеттегі шәйді пайдалансаңыз, сүтті соңынан қосу қажет. 

Шәй пакетін 3 минуттай ыстық суға салып, демдеңіз. Пакетті алып тастағаннан кейін ғана сүтті қосыңыз. Егер сіз сүтті бірден құйсаңыз, оның майы жапырақтарды жауып тастап, толық демделуіне мүмкіндіктер бермеуі мүмкін. 

9. Шәй демделгеннен кейін, шәй жапырақтарын алып тастаңыз. 

Шәй жапырақтарын лақтырып тастамаңыз, оны тағы бір рет демдеуге болады. 

10. Ешқашанда шәй пакетін кесенің жанына сықпаңыз. 

Әйтпесе шәй қатты қоюланып, өзінің дәмін жоғалтады. Дұрысы оны алып тастаңыз. Егер сіз қою шәй ішкенді ұнатсаңыз, ассамды немесе кения шәй жапырақтарын байқап көріңіз. 

11. Неге шәйнекке демдеген шәй дәмдірек болады 

Ірі жапырақты шәйлар көп жағдайларда терең және қаныққан дәмдер береді. Егер сіз үлкен шәйнекке демдесеңіз оның хош иісі барынша артады. 
Шәй пакеттері шәйді жылдам демдеу үшін ойлап табылған. Олардың жапырақтары өте ұсақталған және оның сапасы да сын көтермеуі мүмкін. 

12. Көк шәйде кофеиндер болады ма? 

Шәйдің барлық сұрыптарының барлығы дерлік бір өсімдік түрлерінен өндіріледі. Сондықтан да барлық шәйде кофеиннің мөлшері шамалас болады. Егер демалып шәй ішкіңіз келсе түймедақ тұндырмасын, балмен ішуге кеңес береміз. 

13. Кофеден қарағанда шәйда кофейін көбірек пе? 

Иә және жоқ. Иә, шәйде кофейіннің мөлшері жоғары. Бірақ біз шәйға қарағанда, кофені аз қосамыз, яғни 1 кесе шәй ішсек кофейінді аз мөлшерде қабылдаймыз деген сөз. 

14. Егер Сіз сусындағы кофеиннің құрамына мазасыздансаңыз, міне, мынадай кеңес бере аламыз: 

Ірі жапырақты шәйді сол күн ішінде тағы бір рет демдеп ішсеңіз, онда кофейіннің күші жоқ шәй ішіп, сусыныңызды қандыратын боласыз.
19 мамыр 2018 ж. 1 582 0