Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықсыз қоғам – жарқын келешек

Жемқорлықсыз қоғам – жарқын келешек

Сырдария аудандық мәдениет және спорт бөлімінің ұйымдастырумен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – жарқын болашақ кепілі» атты іс-шара өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойын­ша департаментінің бас маманы Жанар Қозбағарова, мұғалімдер мен түрлі сала мамандары қатысты.

Ең алдымен көрерменге тақырыптық пролог ұсынылды. Тақырыпқа сай безендірілген сахна, аудан өнерпаздарының сыбайлас жемқорлықтың түбі жақсылыққа апармайтынын түсіндіруге бағытталған қойылымы көрерменнің жүрегін дір еткізбей қоймағаны анық. Көрініс мазмұны бойынша ақшаның буына масайған бай баласының әкесінің арқасында дәрігер болып, ауыр ота кезінде білместікпен адам тағдырына қауіп төндіруі көрсетіледі. Және университетті қызыл дипломмен бітірсе де кіші буын қызметкері болып қызмет атқарып жүрген кейіпкер әлгі науқастың өмірін құтқарып, дәрігер болуымен жалғасады. Ал сыбайластыққа жол беру арқылы кісі өмірін құрта жаздаған басты кейіпкер ақшамен ар-ұятты, адам өмірін сатып ала алмайтынын түсінеді. Көпшілікке ой салу мақсатында ойластырылған көрініс басты кейіпкердің ойлы сөздерімен қорытындыланады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу – бүгінгі күннің күрделі мәселесі. Жемқорлыққа тоқтау болмаса, мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жаңа Жолдауында барлық саладағы негізгі ұстанымымыз – адалдық, ашықтық және теңдік қағидатына негізделуі керек екенін атап өткен болатын.

Қоғам дертінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған жиын барысында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – жарқын болашақ кепілі» тақырыбымен онлайн түрде өткен сурет салу және эссе жазу байқауының жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау үшін сөз аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаевқа берілді.

– Сыбайлас жемқорлық қоғамның ақауы болып табылады. Осы ретте, қоғамға, өскелең ұрпаққа сыбайлас жемқорлықтың аса ауыр құқықбұзушылық екенін ұғыну маңызды. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдение­­ті, сыбайлас жемқорлыққа тұрақты иммунитеті болма­са, қалаулы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Біздің қоғамның әрбір толыққанды және дені сау мүшесі жемқор­лық­қа қарсы күрес – бүкіл қоғамның, әрбір азаматтың ісі екенін түсінуге тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мә­дениет­ті қалыптастыру маңызды, – деген аудан әкімінің орын­­басары жеңімпаздарды сахна төріне шақырды.

Байқау қорытындысына сәйкес эссе жазу бойынша 1-орын­ды №135 мектептің 10 сынып оқушысы Мәди Мұратбекұлы, 2-орынды №131 мектеп оқушысы Жансая Әбибуллақызы, 3-орынды №147 мектеп және №36 мектеп-ли­цей оқу­шылары Жансая Толқынқызы, Дильназ Рақышева же­­­ңіп алды. Ал №126 мектеп оқушысы Нұршат Кенжебекова «Алғыс хатпен» марапатталды. Сурет салу бай­қауы бойын­­­­ша 1-орынды №126 мектеп оқушысы Нұрайым Аралбай, 2-орынды №131 мектеп оқушысы Аңсат Нақыпұлы, 3-орын­ды №36 мектеп-лицей мен №42 мектеп оқушылары Мереке Сабыржанқызы мен Ақнұр Базарбек иеленді. Асқар Аман­келді, Шахнияз Меңлібек есімді оқушы­лар арнайы «Алғыс хатпен» марапатталды. Айта кетейік, аудандық дең­гей­де ұйымдастырылған байқауға келіп түскен жұмыс­тарды аудандық білім бөлімінің әдіскері Қаракөз Қалжанова, оқушылар үйінің «Бейнелеу өнері» үйірмесінің жетек­шісі Әділбек Бәйменов және аудандық мәдениет және спорт бөлімінің әдіскері Жадыра Мырхиева сараптап, жеңімпаздарды анықтаған. Байқауға барлығы 32 эссе мен 30 сурет келіп түскен.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
10 ақпан 2024 ж. 108 0