Әдеп нормаларына педагогикалық кеңес өткізілді
Қызылорда облысы білім басқармасы басшысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес үстіміздегі жылдың 8 ақпаны күні кезектен тыс педагогоикалық кеңес өткізілді. Бұл кеңеске аудандық білім бөлімінің әдіскері Қаракөз Қалжанова қатысты.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, педагогтың жүріс-тұрысы, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, жұмыс уақытында қызметтік киім үлгісін қатаң сақтау жөнінде тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
2. Соңғы 3 оқу жылы көлеміндегі білім сапасы мен үлгерім көрсеткішінің динамикасы
/ МДОІЖО А.Жанабергенова/
3. Кәсіби байқаулар мен біліктілік арттыру курстарының мониторингі / МДБІЖО Т.Абуталипова/
4. Білім беру ұйымдарында, білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерінің қатаң қадағалануы / МДТІЖО А. Друмова
Педкеңесті мектеп директоры С.М.Сактапова ашып, білім беру ұйымының кейбір мәселелерінің назарға алынуы керектігін, облыстық білім басқармасы басшысының хаттамалық тапсырмасының орындалуы бағытында бірлесіп жұмыс жүргізілуі тиіс екендігін айта келе, әсіресе, педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, педагогтың жүріс-тұрысы, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, жұмыс уақытында қызметтік киім үлгісін қатаң сақтау қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен бір мезгілде, қауіпсіздік шараларының қатаң бақылауға алынуын баса айтты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Жанабергенова сөз алып, 2020-2021; 2021-2022; 2022-2023 оқу жылдарындағы білім сапасы, үлгерім көрсеткіші , осы жылдардағы түрлі интеллектуалдық, зияткерлік олимпиадалар мен байқауларға сараптама жасады. Пәндер бойынша жетістіктер мен кемшіліктерге сараптама жасап, өсу, кему динамикасын, олқылықты толтыру жолдарын атап көрсетті.Осы орайда Халықаралық зерттеулерге мән бәріліп отырғандығы, мектепте академиялық жыл аяқталған соң, 5-8,10 сыныптарда
« Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен биылға оқу жылында өтілетін емтихан жұмыстарына назар аударылуы қажеттігін баяндады.
Келесі мәселе бойынша мектеп директорының бейінді істер жөніндегі орынбасары Т.Абуталипова соңғы үш жыл көлеміндегі ғылыми жобалар, түрлі байқаулар мониторингін жасап, жетістіктерді атап көрсете отырып, биылғы оқу жылында республикалық ғылыми жоба байқауына 1 оқушының баратындығын, ол оқушымен дайындық жұмыстарының өз дәрежесінде жүргізілуін тапсырды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Друмова мектепте және мектептен тыс жерлерде зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерінің қатаң қадағаланып отырғандығын, жәбірлеу/ буллинг, кибербуллинг/ фактілерін анықтау тетіктерін, оларға қатаң ден қою керектігі бойынша әзірленген алгоритмді қатаң бақылауға алып отырғандығын, тиісінше мектепте тамақтың сапасына тұрақты бақылау қойылғандығын мәлімдеді.
Күн тәртібіндегі мәселерді талдай келе, мектеп директоры С.Сактапова мектепте оқулықтың электронды нұсқалары орналасқан цифрлық платформаларға 2023-2024 оқу жылының ақпан- мамыр, 2024-2025 оқу жылының қыркүйек-желтоқсан айларына жазылу ағымдағы 1 ақпанына дейін ұйымдастырылып жатқандығын, мектепті дамыту жоспарының өз деңгейінде әзірленіп жатқандығын, сонымен қатар, бағдарлама бойынша ең жоғары саты- «Педагог- шебер» біліктілігіне әзірше екі мұғалім ұсынылатындығын айтты.
Педагогикалық кеңестің соңында білім бөлімінің әдіскері Қ.Қалжанова күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз пікірін білдіріп, ұжымды бірлікке, заман талабына сай ізденімпаздыққа шақырды, республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары Д.Асылбеков пен Г.Мергембай, жас технократ , үш университеттің грант иегері А.Абдуллаевтың ауданның білім саласының мәртебесін асқақтатқандығын, осы орайда, мұғалім еңбегінің лайықты бағалануы жолындағы түрлі байқаулар, соның ішінде, «Үздік педагог» республикалық байқауына қатысуға шақырды.