Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 5 мың теңгелік жаңа банкнота: Жалған ақшаны қалай ажырату керек?

5 мың теңгелік жаңа банкнота: Жалған ақшаны қалай ажырату керек?

Қазақстан Ұлттық банкі өткен жылдың 23 желтоқсанында 5 мың теңгелік жаңа банкнотаны айналымға шығарды, деп жазады Egemen.kz.

«Бұл – «Сақ стилі» жаңа сериясының алғашқы банкнотасы. Ол қазақы ою-өрнектің бастау негізі саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін «Сақ стилі» элементтеріне негізделген», делінген Қазақстан Ұлттық банкінің хабарламасында.

Банк жаңа номиналдарды жалған ақшадан ажыратуға көмектесетін бірнеше қорғаныш элементтерін көрсетті:

Банкнотаға бедер салатын алтын интаглио атты арнайы баспа тәсілі қолданылған. 5 000 теңгеде алтын түсті күрделі бедерлі бояумен Қазақстанның елтаңбасы басылған.

2. Банкнотаның бет жағының жиегінде шығыңқы, күрделі бедерлі элементтер бар, оларды саусақпен сипап сезуге болады.

3. Банкнота бетінде екі түсті үзік-үзік қорғаныш сызық та бар. Ол, жарық түскенде, біртұтас сызық болып анық көрінеді. Банкнотаға басқа қырынан қараған кезде, қызыл және көк түстер бір-бірін кезектесе алмастырып тұрғандай әсер беретін динамикалық эффект байқалады.

4. Банкнотаның бет жағында бүркіт бейнесіндегі көлемді, айшықталған патч қорғаныш элементі орналасқан. Банкнотаны аударғанда, номиналдың құнын білдіретін цифр ою-өрнекке айналады, сондай-ақ күн белгісінің сәулелері жан-жаққа таралғандай әсер байқалады.

5. Кей көркемдік элементтерге арнайы алтын түстес жылтыр бояу қолданылған.

6. Банкнотаға жарық түскенде, номиналдың құны көрсетілген ерекше белгі анық байқалады.

7. Банкнотаның екінші бетінде «Бүркіт» артефактінің бейнесінде көлемді Спарк элементі орналасқан. Банкнотаға басқа қырынан қараған кезде, Спарктың түсі алтын түстен нефрит түске өзгереді.

Мұндай тексеру тәсілдері бірнеше секунд уақытты алады және кез келген адамға банкнотаның түпнұсқалығын анықтауға көмектеседі.

Фото: jurtmedia.kz
29 қаңтар 2024 ж. 258 0