Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Диспансерлік есепте тұрған сақтандырылмаған пациенттерге қандай медициналық қызметтер қолжетімді?

Диспансерлік есепте тұрған сақтандырылмаған пациенттерге қандай медициналық қызметтер қолжетімді?

МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған пациенттерге қандай медициналық қызметтер қолжетімді, қате төленген жарналарды қалай қайтаруға болады, жұмыс істемейтін жүкті әйел уақытша сақтандыру мәртебесін қалай алады? Оқырмандардың осы және басқа да сұрақтарына Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов жауап берді.

МӘМС жұйесіне аударған жарналарымды қайтара аламын ба?

Иә, қайтара аласыз. Тек келесідей жағдайларда ғана. Егер жарнаны төлеу кезінде қате жіберіліп, сіздің жасаған төлеміңіз жүйеде көрінбесе жарна қайтарылады. Сондай-ақ егер сіз жеңілдікке ие азаматтар санатында болсаңыз, жарнаны қайтарып алуға болады. Өйткені, мұндай санаттағы адамдарға жарнаны мемлекет төлейді. Басқа жағдайларда төлем қайтарылмауы мүмкін.

МӘМС-ке төленетін жарналар мен аударымдар түсетін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мынадай себептер бойынша ақшаны қайтарудан бас тарта алады: өтініште қаржыны қайтаруға қисынсыз себеп жазылған кезде; өтінішке қоса берілген құжаттар толық болмаған жағдайда; ақшаны қайтаруға негіз жоқ болса; төлемді қайтару уақытша тоқтатылған немесе жойылған жеке кәсіпкерлерге ресімделеді, ал ақпараттық жүйелерден әлгі жеке кәсіпкердің жұмыс істеп тұрғандығы туралы деректер келеді: егер қайтаруды ҚР аумағына уақытша келген шетел азаматы рәсімдесе (немесе шетел азаматының отбасы мүшесі). Мұндай жағдайда жарна қайтарылмайды.

Мен медсақтандырусыз жүктілік есебіне тұра аламын ба?

МӘМС пакетіндегі медициналық қызметтер көрсеткіштер бойынша және емдеуші дәрігердің жолдамасы бойынша «сақтандырылған» мәртебесінде тегін көрсетіледі. Егер жүкті әйел жеке кәсіпкер болса, онда ол өзі үшін 5 950 теңге мөлшерінде белгіленген жарнаны төлейді. Бұл санаттағы әйелдер жеңілдік санатына кәсіпкерлік немесе еңбек қызметін жүзеге асырмайтын, табысы жоқ кезде кіреді. 

МӘМС туралы Заңның 26-бабының 3-тармағына сәйкес сақтандыру жеңілдікті мәртебе ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙТІН жүкті әйелге жеңілдікті мәртебе беріледі, ол үшін қатарынан 2 айдан астам әлеуметтік және зейнетақы аударымдары жүргізілмеген болу қажет. 

МӘМС жүйесінде «сақтандыру» мәртебесі жоқ жүкті әйелдер «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы уақытша мәртебеге ие бола алады. МӘМС жүйесінде уақытша мәртебе беру үшін ЖСН және жүктілік мерзімі туралы ақпаратты көрсете отырып, 027/е нысаны бойынша анықтаманы қосымшаға бекіту қажет. Сонымен қатар, анықтамада медициналық мекеменің мөрі және берілген күні болуы керек. Сақтандырудың уақытша мәртебесін алғаннан кейін бір ай ішінде МӘМС жүйесінде өзінің тұрақты мәртебесін өзектендіру қажет.

Қант диабеті бойынша есепте тұрмын. 6 ай бойы медициналық сақтандыруды төлеген жоқпын. Қандай медициналық қызметтер қол жетімді?

Егер сіз созылмалы аурумен «Д» есебінде болсаңыз, онда медициналық көмек сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде тегін көрсетіледі.

Созылмалы аурумен динамикалық бақылау шеңберінде жергілікті дәрігерден жолдамасыз бейінді маманға жүгіну көзделген. Осылайша, динамикалық бақылауда тұрған пациенттерге (диспансерлік есепке алу) медициналық көмек ТМККК есебінен тегін көрсетіледі, яғни МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесі диагноз қойылған және динамикалық бақылауға алынған сәттен бастап талап етілмейді.

МӘМС пакетіне кіретін диагностикалық зерттеулерді алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебеңіз болуы қажет. "МӘМС туралы" Заңға сәйкес МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесі мен медициналық көмекке құқықтардың Қорға аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылған тұлғалары болады. Бұдан басқа, "МӘМС туралы" заңда мемлекет МӘМС жарналарын төлейтін азаматтардың 15 жеңілдетілген санаты көзделген. Осылайша, егер Сіз жоғарыда аталған жеңілдікті санаттардың біріне жатсаңыз, онда МӘМС жарналарын төлеуден босатыласыз.

Егер сізде қосымша сұрақтар  немесе медициналық көмекке қатысты мәселелер туындаған жағдайда, сіз өзіңіздің клиникаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгіне аласыз. Егер жағдайды жергілікті жерде шешу мүмкін болмаса, онда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өзіңізге ыңғайлы келесі  байланыс арналары бойынша өтініш жібере аласыз: 

• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы 
•  fms.kz ресми сайты
• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot 
• 1414 байланыс орталығы.
10 қаңтар 2024 ж. 129 0