Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нумеролог болжамы: ақырын жүріп, анық басатын кезең

Нумеролог болжамы: ақырын жүріп, анық басатын кезең

Жаңа жыл қарсаңында нумерологтар болжам жасап, келер жылға бағыт-бағдар береді.Қазақстандық танымал нумеролог Құралай Бақытқызы 2024 жылы әрбір қадамын аңдап басатын, жоспарлап жүретін адамдарға сәттілік әкелетінін айтады. Жалпы жылдың басты ұстанымы ретінде асықпау, ойланып барып шешім шығару дегенді алға тартады.

Нумеролог келер жылдың саны – 8 дейді. Ұлу жылында бұл цифр мансапқа, мақсатқа жетуге көмектеседі екен. Осы жылы бизнес бастап, баюға болатын жыл деп айтуға болады. Ұлудың негізгі сипаттамасы жасыл түс, ал элементі – ағаш. Сондықтан ағаш қалай баяу өссе ұлу да ақырын қозғалатындықтан, уақыт та жай өтеді. Асығыс жасайтын адам қателікке ұрынады. Негізінен, «жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген даналықты басшылыққа алатындардың жолы болады. Маманның ескертуінше, жоспарын үнемі өзгертіп жіберетіндер тәуекелге көп бара бермеуі керек.

2024 жыл табиғатты, қоршаған ортаны аялайтын, көгалдандыратын, гүлдендіретін жыл болмақ. Баяу жыл деп атау алған Ұлу жылының кемшілігі де бар. Қыс жылы өткенімен, алда су тасқыны секілді қауіп төнуі мүмкін. Жер сілкінісі мен төтенше жағдайлардың қаупі де жоқ емес.

Жоғарыда айтқан 8 саны материалдық деңгейді білдіреді. Адамдар тұрмысын жақсартуға бет алып, несиелерін жауып, кәсіп бастауға мән береді. 2024 жыл ақша, мансап, бизнес жылы. Елде сауда-саттық өсіп, экономика дамиды. Әрбір қазақстандық батыл қадамға барып, қаржылық сауатын арттырады.

Нумеролог Құралай Бақытқызы «4-ке» аяқталатын жылы дүниеге келгендерге, яғни, 1964, 1974, 1984, 1994, 2004 жылғыларға ұлу жылы ерекше жайлылықпен, жайлы, жеңіл өтеді. Ойлаған мақсатына жетіп, күш-жігері артатын жыл. Байлықты Ұлу жылы «0» мен «1» аяқталатындарға 1990, 1991, 2000, 2001 жылғыларға әкеледі. Баспаналы болу, кәсіп ашу, қызмет өсу, жалақының көтерілуі бек мүмкін. Сонымен қатар туған жылы «5», «6», «7» сандарына аяқталатындарға жыл өзін өзі дамытудың, білім алудың жылы және денсаулығы жақсаратын жыл болумен ерекшеленеді.

Әлемдегі ахуал жайлы болжам жасаған маман 2024 жылы текетірес сақталатынын, аздаған агрессия болатынын айтады. 2025 жылға қарай шиелініс бәсеңдейді.

«2024 жылдың бірінші жартысында елдер арасындағы қақтығыс әлі де сақталады. Ал екінші жартыжылдықта, яғни 2025 жылға жақындағанда жағдай тұрақталып, тынышталады. Сондықтан келесі жылды екіге бөліп қарастыруға болады», – дейді Қ.Бақытқызы.

Жаңа жылды қазақстандықтар жасыл түспен қарсы алса, ұлуға деген құрметіміз болады. Қыз-келіншектерге мерекелік дас­тарханда «жасыл» өнімдер, салат, жеміс-жидек пен көкөністі молынан қоюға кеңес беріледі.


                                                                                                                         Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
Фото: ашық дереккөзден
30 желтоқсан 2023 ж. 203 0